ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.75.4.036Кілт сөздер:
ұрпақтар сабақтастығы, халықтық педагогика, қазақтың халық даналығы, салт жоралар, әдет-ғұрыптар,, салт-дәстүрлер, рухани байланыс, халықтық тәрбиеАннотация
Демократиялық реформаларға, қоғам өмірін ізгілендіруге байланысты, әрі Қазақстан Республикасының ұлтаралық тұрақтылықты сақтауға, халықтың этникалық жаңғыруы мен қазақстандық патриотизмін нығайтуға бағытталған мемлекеттік мүддесіне орай, халықтық педагогиканың және оның идеяларының қазіргі қоғамдағы рөлі арта түсуде. Халықтық педагогиканың көптеген мәселелерін шешу, яғни оның әдіснамалық негіздерін, мақсаты мен міндеттерін, халықтық салт-дәстүрлердің мазмұнын, оларды тәрбие мен білім берудің осы заманғы тәжірибесінде пайдалану мүмкіндіктерін анықтау мен негіздеу жұмыстары ғалымдардың, тәжірибелі педагогтардың, білім беру орындарының, қоғамдық ұйымдардың күш біріктіруін талап етеді.
Ұлттық сананың өсіп, мәдени және рухани дәстүрлердің, тілдің қайта жаңғырған кезінде мектеп оқушыларын өз халқының рухани құндылықтарымен, ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен түбегейлі, неғұрлым терең таныстыру қажеттілігі туады, яғни өткен мен бүгіннің және келешектің арасындағы рухани байланыс біріктіруші элемент болуы тиіс, бұларды жеткізуші – білім беру, мұғалімдер, дәстүрлер болып табылады.
Мақалада жеткіншек ұрпақтың адамгершілігін, имандылығын, патриоттық қасиеттерін нығайтуға жағдай жасайтын адамзатқа ортақ құндылықтарды, қазақ халқының тарихи тәжірибесін, сан ғасырлық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ескере отырып, қазақ отбасының және отбасылық дәстүрлерінің бала тәрбиелеудегі рөлі қарастырылады.