ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА STEM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

Автор(лар)

  • Жотабай Н.М. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Кадирбаева Р. И.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.039%20

Кілт сөздер:

STEM-технологии, математика, цифровые технологии, естественные науки, инновационный метод, компетентность, задание, учащиеся

Аннотация

Бұл мақалада STEM технологиясының қазіргі білім беру жүйесінде, әсіресе математика пәнін оқыту процесінде қолданылуына қатысты мәселелер қарастырылады. Зерттеудің басты мақсаты – ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай отырып, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында математика пәнін оқытуда STEM технологияларын қолданудың мәні мен маңызын айқындау. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізіліп, мұғалімдер мен оқушыларға сауалнама алынды. Бұл процесте теориялық және эмпирикалық әдістер қолданылды. Алынған нәтижелер STEM тәсілінің оқу процесін құрылымдауға, сондай-ақ оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамытуға оң ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар, STEM технологияларының басты артықшылығы — теориялық білімді тәжірибе арқылы бекіту мүмкіндігі екені дәлелденді, әсіресе компьютерлік бағдарламаларды қолдану математикалық ұғымдарды терең меңгеруге жол ашады. STEM оқыту барысында заманауи инновациялық әдістер мен цифрлық технологиялар кеңінен қолданылады. Бұл өз кезегінде оқушылардың жаңа технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамытып, олардың кәсіби бағдарлануына жағдай жасайды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері математика сабақтарында STEM-нің робототехника мен бағдарламалау салалары жеткілікті дәрежеде қолданылмайтынын көрсетті, бұл бағыттарда оқушылардың белсенділігі төмен екені анықталды. Мақалада STEM технологиялары оқушылардың жеке дамуына, математикалық модельдеу мен инженерлік жобалармен айналысу қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні де ерекше атап өтілген. Жалпы алғанда, STEM – жаратылыстану бағытындағы пәндерді, әсіресе математиканы, оқытудың заманауи және тиімді әдісі ретінде ұсынылады. Зерттеу нәтижесінде STEM технологияларын жоғары сынып оқушыларына арналған математика сабақтарына енгізу олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық, сыни ойлау қабілеттерін дамытып, болашақ мамандық таңдауына жол ашатыны анықталды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles