ЕКІНШІ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ МУЛЬТЬМОДАЛДЫҚ ТӘСІЛДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Автор(лар)

  • Рамазанова М.А. Павлодарский педагогический университет им. Ә. Марғұлан
  • Кулахметова М.С. НАО «Павлодарский педагогический университет имени Әлкей Марғұлан»
  • Тусельбаева Ж.А. IT Univercity Astana

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.028%20%20%20

Кілт сөздер:

мультимодальдылық, екінші шет тілі, оқыту стильдері, қабылдау түрлері, мультимодальды тәсілдер, мәдениетаралық құзыреттілік, дифференциация, «soft skills»

Аннотация

Шет тілдерінен сабақ беретін болашақ мұғалімнің құзыреттілігін нәтижелі қалыптастырудың кепілі – оқыту әдістемесін жетілдіру және оған жаңа технологияларды енгізу.  Мақалада «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы (бұдан әрі  - ББ) контексінде екінші шет тілін оқыту әдістемесін жетілдірудің маңыздылығын қарастырылады. ББ-ның негізгі бөлігі ретінде екінші шет тілі (бұдан әрі  - ЕШТ) көпсалалы мамандарды дайындау стратегиясына сәйкес келетіндігі атап өтіледі. Зерттеудің мақсаты – жоғары оқу орындарында ЕШТ оқытуға мультимодальды тәсілді енгізу мен оның болашағын негіздеу. Зерттеуде студенттердің ЕШТ-ны меңгеруіне ықпал ететін мультимодальды тәсілдің әдістері ұсынылады. Мемлекеттік оқыту тілінде білім алатын және неміс тілін ЕШТ ретінде оқитын студенттер үшін мультимодальды тәсілдің аспектілерін әзірлеу бойынша зерттеу жүргізілді. Қойылған міндеттерді шешу үшін мультимодальдық теориясы бойынша шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерге талдау жасалды. Аралас әдіс, бақылау сандық және сапалық деректерге бақылау жүргізу, сондай-ақ «Шет тілі: екі шет тілі» ББ-ның  2 және 3-ші курс студенттері арасында онлайн-сауалнама жүргізу арқылы ЕШТ оқытудың маңыздылық деңгейі мен оның шет тілінде  білім беруде алатын онын анықтауға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, ЕШТ оқыту әдістемесін жетілдіру қажеттілігі негізделіп, практикалық тапсырмаларды қабылдаудың әртүрлі арналары ескерілген мультимодальды тәсілдерді енгізу ұсынылып, Лайкерт шкаласын қолдану арқылы олардың тиімділігі дәлелденді. Зерттеу мультимодальды тәсіл моделін және оның құрамдас әдістерін ұсынады. Сандық және сапалық мәліметтер қолданылған әдістердің тиімділігін көрсетті. Апробациядан өткен әдістер ЕШТ оқытудың өнімді әдістемесі ретінде сипатталады. Жұмыста әртүрлі арналармен ескерілген әдістер мен тапсырмаларды мұқият іріктеудің маңыздылығын көрсетеді.

Автор биографиялары

Кулахметова М.С., НАО «Павлодарский педагогический университет имени Әлкей Марғұлан»

кандидат филологических наук, профессор ОП "Иностранный язык: два иностранных языка"

Тусельбаева Ж.А., IT Univercity Astana

Кандидат педагогических наук, ассоциированный профессор

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles