PLAYFUL LEARNING ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ: ЗЕРТТЕУ ӘДЕБИЕТТЕРІН БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ КАРТАЛАУ (2004-2024 ж.)

Автор(лар)

  • Иминова Ю.Б. НАО Казахский национальный педагогический университет имени Абая
  • Бекмагамбетова Р.К.
  • Арзанбаева Б.О.
  • Жубандыкова А.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.032%20%20%20

Кілт сөздер:

playful learning, ойын, білім, мектепке дейінгі білім, ойын арқылы оқыту, библиометриялық талдау, әдеби шолу, ғылыми картаға түсіру, VOSViewer

Аннотация

Бұл мақалада авторлар playful learning және мектепке дейінгі білім беру саласындағы зерттеу әдебиетін библиометрикалық карталауды (2004-2024) жүргізді. Осы библиометриялық шолудың мақсаты — соңғы 20 жылда Web of Science деректер қорынан алынған метадеректерді пайдалана отырып, мектепке дейінгі білім беру саласында playful learning зерттеулері бойынша зерттеу тенденцияларын жүйелі түрде карталау болып табылады. Іздеу 2004-2024 жылдар аралығын қамтып, 2024 жылғы желтоқсан айының үш аптасында жүргізілді. Алғашқыда WoS деректер қорында іздеу нәтижесінде барлығы 1 445 555 жарияланым анықталды. Кейін іздеу келесі көрсеткіштер бойынша сүзілді: Review Article, 2004-2024 жылдар аралығы, «Education Educational Research», «Education Scientific Disciplines» категориялары бойынша, нәтижесінде авторлар 981 жарияланымды тауып, оларды зерттеу талдауы үшін сақтап, қолданды. Бұл тәсіл WoS деректер қорынан метадеректер жинауды және мектепке дейінгі білім беру саласындағы playful learning мәселесін кеңірек зерттеуді көздейді.

Жарияланымдар мен дәйексөздер динамикасын зерттеу үшін жиілік есептеу әдісі қолданылды. Осы жиілік көрсеткіштері жарияланымдардың және зерттеулердің дәйексөздер негізінде басты авторларды, ұйымдарды, елдерді, сондай-ақ осы саладағы негізгі журналдар мен жарияланымдарды анықтауға мүмкіндік берді, бұл үшін VOSViewer бағдарламасының 1.6.20 нұсқасы пайдаланылды. Бағдарлама арқылы келесі категориялар бойынша талдау жүргізілді: жарияланымдар мен дәйексөздер бойынша тенденциялар; негізгі журналдар мен жарияланымдар; жетекші авторлар, ұйымдар және елдер/аумақтар; мектепке дейінгі білім беру мен playful learning зерттеулеріне негізделген пәндер. Осы категориялар бойынша егжей-тегжейлі есеп зерттеуде ұсынылған.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles