ЕКІНШІ ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛАРАЛЫҚ САЛЫСТЫРУ

Автор(лар)

  • Аубакирова А.К. ЕНУ им. Л.Н.Гумилева
  • Тусупова Г.К. ЕНУ им. Л.Н.Гумилева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.023%20%20

Кілт сөздер:

Тірек сөздер: екінші шет тілі, ШТ оқытудын әдістемесі, контрасттық тәсіл, интерференция, салыстырмалы талдау.

Аннотация

Екінші шет тілін оқыту мәселелері, оны оқытудың теориялық негіздерін дамыту тұрғысынан да, оқыту тәжірибесінің тұрғысынан да зерттеушілер үшін өзекті болып қала береді. Ағылшын тілінің қоғамымызда жетекші орынға ие болуына қарамастан, неміс тіліне деген қызығушылық әлі де бәсеңдеген жоқ, бұл көптеген университеттердегі оқытушылардың назарының неміс тілін екінші шет тілі ретінде оқытуға ауысуын түсіндіреді. Мақалада ағылшын тілінен кейін екінші шет тілді оқытудың лингводидактикалық аспектілері көрсетілген. Негізгі зерттеу әдісі салыстырмалы талдау болды.

Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми еңбектерге шолу екінші шет тілін оқытудағы контрасттық әдіс ең тиімді болып көрінетінін көрсетті. Оқыту тәжірибесіне сүйене отырып, неміс тілін екінші, ал бірінші ретінде ағылшын тілін мысалға ала отырып, бір тілдің екінші тілге оң әсері де, одан туындайтын кедергі де көрсетілген.

Контрастивті лингвистика екінші шет тілін жақсы меңгеруге ықпал ететін тілдердегі айырмашылықтарды анықтауға және сипаттауға көмектеседі және грамматикалық және концептуалды жүйелердегі сәйкессіздік жағдайларын түсіндіреді. Тілдік материалды беру стратегиясы және студенттердің алғашқы шет тілін меңгеру кезінде жинақтаған оң тәжірибесінің әсері көрсетіледі.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles