ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚУ- ДАЛАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ КВАЛИМЕТРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.008Кілт сөздер:
оқу-далалық практика, квалиметрия, сапа бағалауы, білім беру жүйесі,, педагогикалық бағалау, кәсіби дайындық, зерттеу әдістері, сапа бағалауыАннотация
Мақалада жоғары оқу орындарында оқу-далалық практиканың сапасын бағалаудың квалиметриялық негіздері қарастырылады. Оқу-далалық практика – студенттердің теориялық білімдерін практикада қолдануына, кәсіби дағдыларын дамытуына және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік беретін маңызды кезең. Зерттеудің мақсаты – оқу-далалық практиканың сапасын бағалауда квалиметриялық әдістерді пайдалану арқылы білім беру үдерісін жетілдіру. Жоғары оқу орындарындағы оқу-далалық практиканың сапасын бағалау – білім беру сапасын арттыру мен студенттердің кәсіби дағдыларын дамытудағы маңызды аспектілердің бірі. Квалиметрия – білім беру үдерісін бағалауда сандық және сапалық көрсеткіштерге негізделген әдіснамалық тәсіл. Зерттеу барысында квалиметриялық әдістердің оқу-далалық практиканың тиімділігін бағалаудағы рөлі мен маңызы айқындалады. Оқу-далалық практика жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесінің маңызды бөлігі ретінде студенттердің алған теориялық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибенің сапасы мен тиімділігі, өз кезегінде, білім беру бағдарламаларының сапасына, оқытушылардың кәсіби біліктілігіне және оқу-әдістемелік материалдардың сапасына байланысты болып келеді. Осы орайда, оқу-далалық практиканың бағалануы квалиметриялық тұрғыдан өзекті мәселеге айналып отыр. Квалиметриялық әдістер оқу үдерісіндегі әртүрлі факторларды сандық көрсеткіштер арқылы бағалауға мүмкіндік береді, бұл білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдарын анықтауға көмектеседі.
Зерттеу мақсаты – жоғары оқу орындарында оқу-далалық практиканың сапасын бағалаудың квалиметриялық негіздерін әзірлеу, оны жетілдіру жолдарын анықтау және білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру. Оқу-далалық практиканың тиімділігін бағалау барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдер, сондай-ақ алынған нәтижелер мен ұсыныстар осы жұмыстың негізгі мазмұнын құрайды. Бұл зерттеу білім беру жүйесіндегі оқу-дала практикасының сапасын арттыру үшін квалиметриялық бағалау әдістерінің маңыздылығын көрсете отырып, білім беру саласындағы реформаларды жүзеге асыруға негіз бола алады.





