АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ (АКТ) КУРСЫНЫҢ ҰҒЫМДАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН КАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.012Кілт сөздер:
ақпараттық коммуникациялық технологиялар, компьютрлендіру, АКТ ұғымдар жүйесі, Infozone, IT полигон, мобильді технологиялар, цифрландыруАннотация
Әлемді индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу - ақпараттық коммуникациалық технологиялар мен компьютерлік индустрияда жаңа ұғымдардың пайда болуына себепкер болуда. АКТ курсы түрлі тілдердегі терминологиялық лексиканы өз тіліңде қабылдау, тіларалық корреляциялық терминдерді орнату нәтижесінде тілдік жетілуге алып келеді.Сондықтан мақалада АКТ курсының ұғымдар жүйесі мен терминологияның қалыптасуына қысқаша шолу жасалынған. Заманауи білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеті компьютерлік құралдар мен ақпараттық ресурстардың көмегімен Интернет желісінің ақпараттық-білім беру ортасын (ИБО) құру болып табылады. Осыған байланысты, жоғары кәсіптік білім берудің басым міндеттерінің бірі мамандықта талап етілетін жалпы және арнайы кәсіптік білімді, дағдыларды ғана, сонымен қатар үнемі жаңартылып отыратын компьютерлік құралдардың спектрін белсенді қолдана алу болып табылады. Жаңа терминдердің пайда болуы бірнеше жолмен жүреді. Кейбіреуі қарапайым және айқын болса, енді біреуі жаңа құрылғығы байланысты басқа техникалық тілмен бірге қолданылуы мүмкін. Жалпы АКТ оқыту барысында компьютерлердің нақты пайда болуы мен оған байланысты коммунациялық технологиялар француз, ағылшын, неміс және орыс тілдерінен енген терминдер - сөздердің алмасуына себеп болады. Сонымен қатар, жиі қолданыстағы, бірақ өте кең таралған емес, қолданыстағы терминді ауыстырады.
Қазіргі қоғам ақпараттандыру жəне онымен тығыз байланысты білім беруді ақпараттандырудың жетілгендігімен, ақпараттық коммуникациялық технологиялардың кеңінен таратылуымен және АКТ курсының ұғымдық-терминологиялық сөздігінін жасау және оларды оқыту үдерісінде пайдалану ерекшеліктерімен сипатталады. Олар ақпаратты тарату үшін жəне білім алушылардың өзара əрекетін қамтамасыз ету үшін білім берудің қазіргі жүйесінде кеңінен қолданыс табады.Қазіргі кезде білім беру ұйымдарында білімгерлердің цифрлық сауаттылықтарын қалыптастыру мақсатында АКТ курстары мен информатика сабақтарын IT полигондар, ақпараттық зоналарда ұйымдастырып өткізуде