КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.013Кілт сөздер:
кәсіби білім беру, білім беру үрдісі, құзіреттілік,, ғылыми-зерттеу құзіреттілігі, педагогикалық тәжірибе, оқу процесін зерттеу, оқыту әдістері,, оқыту формаларыАннотация
Мақалада қазіргі қоғамды алға дамытатын кәсіптік білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу құзіреттіліктері қалыптасқан жоғары білікті мамандар дайындау өзектілігіне тоқталады. Педагогика, психология және ғылыми әлеуметтануы саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін талдау негізінде «ғылыми-зерттеу құзіреттілігі» ұғымының мәні ашылады. Педагогикалық зерттеу Өскемен қаласындағы кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларда ғылыми-зерттеу құзіреттіліктерін қалыптастырудың практикалық негіздері, яғни оқытушылардың биологияны оқытуда қолданатын сабақтың формалары, оқу қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамыту деңгейлері талданады. Кәсіптік білім беру ұйымдары биология пәні оқытушыларының өз білім беру үдерісінде «ғылыми-зерттеу құзіреттілігін» қалыптастыру мәселесінің педагогикалық тәжірибелерін саралау жұмыстары баяндалады. Педагогикалық зерттеуге 85 оқытушы мен 250 дей білім алушы қатысып, зерттеу нәтижелері сандық және сапалық талдау әдістерімен өңделген.
Кәсіптік оқыту барысында ғылыми-зерттеу құзіреттілігі кәсіби маманды қалыптастыратын құзіреттіліктерінінің бірі екендігі нақтыланады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазіргі таңда кәсіптік беру ұйымдарында биологияны оқытуда білім алушыларының танымдық әмбебап оқу әрекеттері негізінде ғылыми- зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру үшін кең мүмкіндіктер бар. Биология оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін зерттеудің нәтижелері оқу әрекеттері арқылы зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру міндеті әр сабаққа қойылмайтынын көрсетті.





