ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛДІ ТОПТАРДЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ДЕБАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ РӨЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.029%20%20%20Кілт сөздер:
дебаттар, дебаттық технология, коммуникативтік дағдылар, тыңдаушылар алдында сөйлеу, орыс тілі, сертификаттау деңгейі, техникалық жоғары оқу орны, рөлдік ойынАннотация
Мақалада техникалық жоғары оқу орындарында орыс тілін қазақ тілді оқу топтарында оқыту барысында дебаттық технологияны қолданудың рөлі қарастырылады. Дебаттық технологияның оқу үдерісінде қолданылуы туралы жүргізілген бірқатар ғылыми зерттеулерге талдау жасалады. Бұл педагогикалық технологияның орыс тілін екінші тіл ретінде оқыту барысындағы оқу міндеттерін шешуге біршама мүмкіндік беретіні атап өтіледі. Техникалық мамандықтарды игеретін болашақ мамандардың орыс тілі сабақтарында оқу дебаттарын өткізу ерекшеліктері олардың тілдік даярлық деңгейін ескере отырып сипатталады. Мұндай дебат түрлері, мысалы, «жылдам», «классикалық», «ішінара өзгертілген» дебат, нақты тілдік дайындық деңгейі бар топтарда қолданылу тұрғысынан сипатталады. «Мәтіндік» дебат түрі аудиторияның тілдік деңгейіне қарамастан, дебаттың кең таралған түрі ретінде қарастырылады. Әлеуметтік-тұрмыстық және қоғамдық мәселелермен байланысты лексикалық тақырыптардағы дебаттарды базалық және орта деңгейдегі оқу топтарында өткізу тиімді екендігі, ал ортадан жоғары және жоғары деңгейдегі оқу топтарында ғылыми тақырыптар бойынша дебаттар өткізудің қажеттілігі негізделеді. Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттеріне өткізілген орыс тілі сабақтарындағы дебат өткізудің практикалық тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріледі. Дебатты ұйымдастыру кезінде бірнеше жұмыс кезеңдерінің болуы маңызды екендігі атап өтіледі. Соңғы рефлексивті кезеңнің маңызына баса мән беру қажеттлігі дәйектеледі. Дебаттық технологияны қолданудың тиімділігі туралы студенттер арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері қорытындалады, бұл технология сөйлеу мәдениеті мен ойлау мәдениетін дамытуға, сондай-ақ тұтастай монологқа негізделген пікірлерді қалыптастыруға көмектесетіні көрсетіледі. Дебаттық технологияның студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытудағы және орыс тілі бойынша білім деңгейін арттырудағы маңыздылығы туралы қорытынды жасалады.