БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КОЛЛАБОРАТИВТІ ОҚУ ОРТАСЫН ҚҰРУ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ САПАСЫН АРТТЫРУ

Автор(лар)

  • Сейдуалиева А.Н. Казахский национальный женский педагогический университет

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.013

Кілт сөздер:

коллаборация,, коллаборативті іс-әрекет,, кәсіби ынтымақтастық, коллаборациялық орта, топтық жұмыстар, жаһандық ортадағы коллаборация,, білім берудегі цифрлық платформа, цифрлы құзыреттілік

Аннотация

Қазіргі цифрлық дәуірдің қарқынды дамуы білім беру жүйесіндегі жаңа талаптарды алға тартуда. Солардың бірі – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлығын арттыруда коллаборативті оқу ортасын тиімді ұйымдастыру мәселесі. Бұл бағыттағы зерттеулер педагогикалық ғылымдар аясында  коллаборатив  ұғымының мәнін ашуға, сондай-ақ оқу үдерісіндегі бірлескен әрекеттің құрылымы мен мазмұнын зерделеуге бағытталған.

Мәселенің өзектілігі – бір жағынан, соңғы жылдары ғылыми ортада коллаборативті оқыту мен бірлескен білім беру ортасын құру идеясының кеңінен талқыланып, түрлі зерттеу нысанына айналуында болса, екінші жағынан, педагогикалық тәжірибеде болашақ мұғалімдердің кәсіби әлеуетін дамыту құралы ретінде бұл ортаның әлеуетін толық пайдалану қажеттілігінде.

Осыған байланысты жүргізілген зерттеу жұмысы барысында философия, психология, әлеуметтану, білім менеджменті және басқа да салалардағы ғылыми еңбектерге мазмұндық-семантикалық талдау жасалды.  Коллаборативті орта ,  бірлескен әрекет ,  ынтымақтастық ,  өзара қарым-қатынас  секілді ұғымдарға жаңаша көзқарас негізінде тұжырымдар ұсынылды.

Зерттеу әдістемесіне келсек, бұл жұмыс аясында тәжірибелік-эксперименттік әдістермен қатар модельдеу, абстракциялау, тестілеу, сауалнама, дискурстық және салыстырмалы талдау, факторлық және корреляциялық әдістер, SWOT-талдау, математикалық-статистикалық өңдеу, диагностикалық бақылау, сапалық жіктеу, бағалау мен мониторинг жүргізу тәсілдері қолданылды.

Мақалада болашақ педагогтардың кәсіби дайындығын жетілдірудің теориялық негіздері сараланып, оқу үдерісіне инновациялық және әдістемелік тәсілдерді енгізудің маңыздылығы дәлелденді. Атап айтқанда, университет жағдайында зертханалық оқу ортасын қалыптастырудың тиімділігі айқындалып, оның мамандардың болашақ кәсіби қызметіне тигізетін ықпалы ғылыми тұрғыда негізделді.

Зерттеу нәтижесінде коллаборативті оқыту ортасын ұйымдастыру арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың тиімді жолдары мен жаңа мүмкіндіктері айқындалды. Сонымен қатар, топтық жұмыс дағдылары, ұжыммен әрекеттесу мәдениеті, өзін-өзі басқару қабілеттері, бірлескен әрекеттің жүйелі формалары мен оның құрылымдық компоненттері кеңінен қарастырылды.

Ақпараттық технологиялармен жұмыс істей алатын, зерттеушілік әлеуеті жоғары, креативті ойлау қабілеті дамыған педагог кадрларды даярлау мақсатында сапалы коллаборативті оқу ортасын қалыптастыру моделі ұсынылды. Бұл модельдің мазмұны мен құрылымы арқылы білім беру жүйесіне инновациялық серпін беруге мүмкіндік жасалатыны дәлелденіп отыр.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles