БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЭВРИСТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР МЕН ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.006Кілт сөздер:
зерттеу құзыреттілігі, шетел тілдері мұғалімдері, эвристикалық тәсіл, цифрлық ресурстар, проблемалық оқыту, рефлексия,, сыни ойлау, мұғалімдерді даярлауАннотация
Мақалада болашақ шетел тілі мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талданады. Қазіргі білім беру кеңістігінің цифрландырылуы бұл үдерісті ұйымдастыруда жаңа мүмкіндіктермен қатар, бірқатар әдіснамалық талаптарды да алға тартады. Негізгі назар оқу үдерісін шығармашылық ізденіс пен жаңа білімді ашу ретінде қарастыратын эвристикалық тәсілге аударылған. Эвристикалық тәсіл студенттердің зерттеу міндеттерін өз бетінше шешуіне, деректерді талдауға, тұжырымдар жасауға және танымдық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Ал цифрлық ресурстар оны жүзеге асырудың тиімді құралы болып табылады. Олар студенттердің түрлі ақпарат көздеріне еркін қол жеткізуін, интерактивті платформалар арқылы деректерді өңдеуін, визуализациялауын және бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруын қамтамасыз етеді.
Эвристикалык тәсіл мен цифрлық ресурстардың интеграциясы студенттердің зерттеушілік дағдыларын кешенді дамытуға жағдай жасайды. Атап айтқанда, зерттеу мақсатын айқындау, ақпаратты талдау және жүйелеу, аргументтер құру, сыни тұрғыдан ойлау, қорытынды жасау дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, цифрлық құралдар студенттердің рефлексиясына, өзін-өзі бағалауына, академиялық жазу тәжірибесін жетілдіруіне және зерттеу нәтижелерін түрлі форматта ұсынуына ықпал етеді. Мұндай тәжірибе болашақ мұғалімдердің кәсіби өсуіне, ғылыми-әдістемелік құзыреттілігінің нығаюына және инновациялық білім беру ортасында табысты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, эвристикалық тәсіл мен цифрлық ресурстардың үйлесімі зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді әрі өзекті тетігі болып табылады..