ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор(лар)

  • Орманова Г.К. Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Сарыбаева Ә.Х.
  • Рамазанова С.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.039

Кілт сөздер:

Цифрлық технологиялар, кәсіби құзыреттілік, оқыту, физика,, инновация, білім беру, зерттеу әдістері, интерактивті оқыту, білім сапасы, онлайн-платформалар

Аннотация

Бұл мақалада цифрлық ресурстардың білім беру процесіне әсері қарастырылып, олардың оқушылардың ақпараттық-технологиялық құзыреттерін қалыптастырудағы рөлі зерттелген. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде цифрлық құралдарды қолдану оқушылардың аналитикалық және практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Цифрлық ресурстар оқыту үдерісін интерактивті етіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар олардың өз бетімен іздену және зерттеу қабілеттерін дамытады.

Зерттеудің негізгі мақсаты – цифрлық ресурстардың білім сапасына ықпалын талдау және оларды қолданудың тиімді әдістерін анықтау. Зерттеу барысында сауалнама, бақылау және сұхбат әдістері қолданылды. Деректер жалпы білім беретін мектептердегі физика сабағында цифрлық ресурстарды пайдалану тәжірибесін зерттеу арқылы жинақталды. Алынған нәтижелер цифрлық ресурстардың оқушылардың пәнді меңгеру деңгейін арттыруға және олардың ақпараттық-технологиялық құзыреттерінің қалыптасуына оң әсер ететінін көрсетті.

Зерттеу барысында цифрлық ресурстарды қолданудың бірнеше артықшылықтары анықталды: оқушылардың белсенділігін арттыру, күрделі тақырыптарды көрнекі түрде түсіндіру, өздік жұмысқа бейімдеу және ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану мұғалімдерге оқытуды дербестендіруге және әр оқушының жеке қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері білім беру үдерісінде цифрлық ресурстарды кеңінен қолданудың маңыздылығын дәлелдейді. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы осы ресурстарды тиімді пайдалану әдістері мен бағыттарын айқындауға көмектеседі. Цифрлық құралдарды білім беру жүйесіне енгізу – оқыту сапасын жақсартумен қатар білім алушылардың ақпараттық-технологиялық құзыреттерін қалыптастырудың маңызды қадамы болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles