Тұрақты даму мақсаттарының компоненттерін білім беруде интеграциялау
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.015%20Кілт сөздер:
тұрақты даму, білім беру, оқыту міндеттері, химиялық технология, сапалы білім, химия,, экологиялық сана, әдістерАннотация
Бұл мақалада «Тұрақты Даму Мақсаттарын» (ТДМ) химиялық технологияны оқыту үдерісіне кіріктіру мәселелері жан-жақты қарастырылады. ТДМ-нің химиялық технологиямен тығыз байланысты мақсаттары талданып, оларды білім беру саласында тиімді жүзеге асыру жолдары ұсынылады. Атап айтқанда, жасыл химияның негізгі принциптері, тұрақты өндірісті дамытуға арналған инновациялық әдістер мен оларды оқу процесінде қолдану ерекшеліктері кеңінен талқыланады. Сонымен қатар, химиялық технологияны оқыту барысында студенттердің оқу және танымдық дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларға ерекше назар аударылады. Зерттеуде химиялық технология курсын оқытуда ТДМ негізінде қолданылатын әдістердің студенттердің экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға, олардың елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуына және жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге деген ынтасын арттыруға ықпал ететіні қарастырылады. Сонымен қатар, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда тұрақты даму қағидаларына негізделген оқыту әдістерінің тиімділігіне талдау жасалады. Мақалада ТДМ бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелері ұсынылып, «Химиялық технология» пәні аясында бірнеше тақырыптар бойынша әзірленген дәріс және семинар сабақтарының жоспарлары келтірілген. Бұл сабақтар зерттеу барысында қолданылып, олардың тиімділігі студенттердің оқу үлгерімі мен экологиялық көзқарастарындағы өзгерістер арқылы бағаланды. Сауалнама нәтижелері студенттердің зерттеудің басындағы және ТДМ-ді кіріктіре оқытудан кейінгі білім деңгейін салыстыруға мүмкіндік берді. Жалпы, зерттеу нәтижелері ТДМ-ді оқу процесіне интеграциялау химиялық технология бойынша білім алушылардың пәндік және экологиялық құзыреттіліктерін арттыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл тәсіл студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіріп, олардың тұрақты даму қағидаларын тәжірибеде қолдана білуіне ықпал етеді.