ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ: ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Автор(лар)

  • Тамабаева М.К. КарУ им. академика Е.А. Букетова
  • Салтанат Куатовна Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды, Қазақстан
  • Ботакоз Абдрахмановна Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Қазақстан Республикасы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.005

Кілт сөздер:

инклюзивті білім беру, Қазақстан Республикасы, ерекше білім беру қажеттіліктері, мүмкіндігі шектеулі балалар, арнайы білім беру мекемелері,, заңнама, жалпыға бірдей білім беру, психологиялық-педагогикалық қолдау

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайы мен құқықтық негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты инклюзивті білім беруді реттейтін халықаралық және ұлттық нормативтік-құқықтық актілерді кешенді түрде талдау, педагогикалық кадрлардың тапшылығы, мамандарды жеткіліксіз дайындау және аймақтық диспропорциялар сияқты проблемалық мәселелерді, сондай-ақ инклюзивті білім беру ортасының әрі қарай даму преспективаларын анықтау болып табылады. Зерттеудің әдіснамасы БҰҰ Балалардың құқығы туралы Конвенцияны және Мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияны, «Білім туралы», «Балалардың құқығы туралы» және "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау туралы" ұлттық заңдарды, сондай-ақ мектепке дейінгі, орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметі туралы статистикалық деректерді қоса алғанда, халықаралық құжаттарды талдауға және синтездеуге негізделген. Талдау инклюзивті тәжірибелерді енгізудің оң динамикасын, инклюзияға жағдай жасайтын мекемелер санының өсуін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен студенттер контингентінің ұлғаюын көрсетті. Сонымен бірге өзекті проблемалар айқындалуда: білікті мамандардың тапшылығы, инклюзивті ортаны қамтамасыз етуде аймақтық айырмашылықтар және қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі. Алынған нәтижелер инклюзивті білім берудің ғылыми негіздерін дамыту үшін теориялық мәнге ие және білім беру саясатын жетілдіру, педагог кадрларды даярлауды жоспарлау және білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыру үшін практикалық маңыздылыққа ие.

Автор биографиялары

Салтанат Куатовна, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды, Қазақстан

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы Қарағанды, Қазақстан

Ботакоз Абдрахмановна, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Қазақстан Республикасы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы

Жүктеулер

Жарияланған

2025-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles