БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор(лар)

  • Жанкушков Б.О. Казахский Национальный педагогический университет имени Абая
  • Амирова А.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.007

Кілт сөздер:

электрондық білім беру ресурстары, цифрлық құзыреттілік, цифрлық технологиялар, цифрлық педагогика, жасанды интеллект, білім беру платформалары, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері,, білім берудің цифрлық трансформациясы

Аннотация

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында маңызды міндеттердің біріне айналуда. Мақалада электрондық білім беру ресурстарының (ЭББР) интерактивті оқу материалдарына, білім беру платформаларына және цифрлық құралдарға қолжетімділікті қамтамасыз етудегі рөлі қарастырылады. Педагогикалық шеберліктің заманауи құрамдас бөлігі Цифрлық құзыреттілікті дамыту мен арттырудағы маңыздылығы ғылыми еңбектерді талдау арқылы негізделген. Зерттеудің өзектілігі бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін дамыту қажеттілігімен, білім беру үдерісін цифрландыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен расталады. Зерттеу барысында электрондық білім беру ресурстары арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру интерактивті оқыту әдістерін меңгеруі, онлайн-коммуникация дағдыларын дамытуы және киберқауіпсіздік мәселелерін түсінуі тұрғысынан маңызы анықталған.

Мақалада зерттеу Қазақстан Республикасының білім беру стандарттары мен халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жүргізілді. Негізгі әдістер ретінде ғылыми зерттеулерді теориялық және практикалық талдау, сауалнама, педагогикалық эксперимент және электрондық оқу материалдарының сапасын сараптамалық бағалау қолданылды. Эксперименттік зерттеу нәтижелері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігінің айтарлықтай артқанын көрсетеді.  Эксперименттік топқа қосымша цифрлық курстар және интерактивті әдістерді пайдалану арқылы электронды білім беру ресурстарын қолдануға бағыт-бағдар, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, оқу-әдістемелік материалдар, диагностикалық құралдар арнайы дайындалған нұсқаулықтар берілген.

Эксперименттік топтағы студенттер бақылау тобымен салыстырғанда электронды ресурстарды қолдануды меңгеруде жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Авторлар электрондық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің интерактивті білім алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, цифрлық құзыреттіліктің дамуына оң ықпалын теориялық және практикалық негізде тұжырымдаған.

 

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles