ККИБЕРБУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІН ДАЯРЛАУ

Автор(лар)

  • Беркимбаев К. М.
  • Боранбаева А. Р.
  • Бекболат М. С. Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University
  • Берди Д. К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.010

Кілт сөздер:

кибербуллинг, жасөспірім, цифрлық кеңістік, компьютерлік ойын, интеллектуалды ойлау, буллинг, онлайн-агрессия, сақтық шаралары

Аннотация

Мақалада кибербуллингтің алдын алудың әдістемелік жүйесін әзірлеу бойынша ең алдымен кибербуллинг ұғымын зерттеген ғалымдардың пікірлері мен тұжырымдамалары, теориялық және құқықтық аспектілері, негізі түрлері қарастырылған. Кибербуллингті зерттеу мақсаты: кибербуллингтің психологиялық себептерін зерттеу, психологиялық-педагогикалық жұмыстың ең тиімді әдістерін таңдау. Қазіргі мектеп оқушыларының ғаламтор желілерін тез меңгеруі зардап шегуге алып келуі мүмкін және осы жағдайда кибербуллингтің алдын алу мәселерінің шешімін іздестіруге негіз болады. Сондай-ақ кибербуллингтің құрбандары қысқа және ұзақ мерзімді психологиялық және физикалық сипатқа ие болуы, дәстүрлі қорқыту формаларынан айырмашылығы қарастырылады. Соған қоса компьютерлік ойынның 9 ерекшелігі ұсынылған. Жасөспірімдерді қорқыту, анонимділік, ақпаратты бұрмалау, бопсалау, онлайн ойындар, үнемі қолжетімділік мәселелері де жан-жақты қарастырылып, түсінік берілген. Эмпирикалық зерттеу бес мектептің 11–17 жас аралығындағы оқушылары мен олардың ата-аналары арасында Google Forms арқылы жүргізілді (n = 312). Сауалнама нәтижелері ата-аналардың 61,9 %-ы кибербуллинг туралы хабардар екенін, 60,9 %-ы бұл тақырыптың маңызды екенін көрсетті. Зерттеу қорытындыларына сүйене отырып, «SafeNet» қосымшасы сияқты техникалық құралдарды енгізу, цифрлық сауаттылықты арттыру тренингтерін ұйымдастыру, педагогтар мен ата-аналарды оқыту арқылы кешенді алдын алу бағдарламасы ұсынылды. Ұсынылған әдістемелік жүйе пилоттық мектептерде кибербуллингтің тіркелген оқиғаларын 34 % азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге ата-аналар мен мұғалімдер арасында өткізілген ақпараттық семинарлар балалардың цифрлық этикетін нығайтуға, онлайн-контентті сыни қабылдауға және интернет қауіпсіздігін сақтауға бағытталған дағдыларды қалыптастыруға септігін тигізді. Осылайша, ұсынылған әдістемелік жүйе психологиялық қолдауды, педагогикалық ықпалды, құқықтық негіздемені және техникалық құралдарды үйлестіре отырып, жасөспірімдердің сандық ортада қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Болашақ зерттеулерде аталған жүйенің түрлі өңірлердегі ұзақ мерзімді әсерін және бағдарламаны әрі қарай жетілдіру жолдарын қарастыру маңызды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles