ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАҒЫ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Автор(лар)

  • Идиятова Ю.М. ЕНУ им. Л.Н.Гумилева
  • Садвакасова А.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.010

Кілт сөздер:

оқу жетістіктері, құзыреттілікке негізделген оқыту, бағалау, құзыреттілік тәсіл,, құзыреттіліктер моделі

Аннотация

Осы мақалада оқытудағы құзыреттілікке негізделген тәсілді жүзеге асыру ерекшеліктері қарастырылады, атап айтқанда, авторлар студенттердің оқу жетістіктерін бағалау мәселесін зерттейді. Әлемдік білім беру кеңістігіндегі цифрландыру және білім беру бағытының оқытушыдан студентке ауысуымен байланысты жаһандық тенденциялардың ықпалы болашақ мамандарды оқыту және оқу жетістіктерін бағалау тәсілдерін жетілдіру мәселелерін өзекті етеді. Құзыреттіліктер, оқу жетістіктерінің негізгі құрамдастарының бірі ретінде, оқу процесіндегі бағалау үшін ерекше қызығушылық тудырады. Құзыреттіліктердің кешенді сипаты оларды бағалауға жүйелі, терең көзқарасты қажет етеді, себебі олар оқудың соңғы ғана емес, сонымен қатар бастапқы нүктесі болып табылады. Оқу жетістіктерін бағалау жүйесі әрбір оқушының оқу жетістіктерін, ал келешекте жалпы білім беру саласының сапасын арттыру мақсатында нақты өзара тәуелді бақылау-бағалау іс-шараларының кешенін қамтиды.

Шетелде жекелеген елдерді де, халықаралық ұйымдарды да құзыреттіліктерді бағалау мәселесі толғандырады, студенттердің құзыреттіліктерін бағалау үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады.

Авторлар жоғары оқу орындары студенттерінің оқу жетістіктерін бағалау жүйесін әзірлеуге қажетті бірқатар практикалық аспектілерді қарастырады. Студенттердің құзыреттіліктерін бағалау әдістемесі мәселесін зерттеп, АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзіндік жүйелі тәсіл ұсынылады. Ұсынылған модельді жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері құзыреттіліктерді бағалаудың өзіндік әдістерін әзірлеу үшін пайдалана алады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи