«МЕКТЕП-ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ» ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ РУХАНИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ РӨЛІ

Автор(лар)

  • Ешенқулова Э.Б. Мирас университет
  • Нуридинова Г.А.
  • Махметова Б.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.017

Кілт сөздер:

педагогикалық іс-тәжірибе, болашақ педагог, шығармашылық әлеует, кәсіби құзыреттілік, тұлғалық даму, рухани-шығармашылық даму, шығармашылық тапсырмалар, педагогикалық құзыреттілік, мектеп-жоғары оқу орны

Аннотация

Бұл мақалада «мектеп-жоғары оқу орны» жүйесінде болашақ педагогтардың рухани-шығармашылық әлеуетін дамытуда педагогикалық іс-тәжірибенің рөлі зерттеледі. Бүгінгі білім беру жүйесінде педагогтың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби құзыреттіліктері маңызды факторлар болып табылады. Осы тұрғыда, педагогикалық іс-тәжірибе болашақ мамандардың кәсіби дайындықтарын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және тұлғалық қасиеттерін нығайтуға ықпал ететін тиімді құрал ретінде қарастырылады.

Зерттеу жұмысы эксперименттік әдіс арқылы жүргізілді. Экспериментке Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінің 3-4 курс студенттері мен М.Ю. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты. Болашақ педагогтардың шығармашылық әлеуетін, кәсіби дағдыларын және тұлғалық даму деңгейін бағалау үшін арнайы сауалнамалар, тесттер және педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінде орындалған шығармашылық тапсырмаларды талдау әдістері қолданылды. Сонымен қатар, эксперимент барысында студенттердің кәсіби іс-әрекетінің сапасын бақылау мақсатында педагогикалық бақылау мен өзін-өзі бағалау әдістері қолданылды.

Эксперимент нәтижелері бойынша болашақ педагогтардың шығармашылық әлеуеті мен кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейі айтарлықтай артқаны анықталды. Болашақ педагогтардың шығармашылық әлеуеті 30%-ға, кәсіби дағдылары 30%-ға, тұлғалық даму деңгейі 25%-ға өсті. Сонымен қатар, болашақ педагогтардың коммуникативтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерінде оң өзгерістер байқалды.

Зерттеу нәтижелері педагогикалық іс-тәжірибенің болашақ педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы және кәсіби құзыреттіліктерін арттырудағы маңызды рөлін дәлелдейді. Педагогикалық іс-тәжірибе болашақ педагогтарды кәсіби және тұлғалық дамытудың тиімді құралы ретінде әрекет етеді. Зерттеу нәтижелері болашақ педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар ұсынуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles