ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ-АЛГОРИТМДІК МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.021Кілт сөздер:
логикалық-алгоритмдік мәдениет, цифрлық білім беру ресурстары, болашақ математика мұғалімдері,, логикалық сауаттылық, ойлауды дамыту, білім беру платформасы, интерактивті ресурстар, тұлғалық дамуАннотация
Мақала мектептегі білім беруді заманауи реформалауға байланысты болашақ математика мұғалімдерінің логикалық-алгоритмдік мәдениетін қалыптастыру мәселесіне арналған. Мақалада цифрлық білім беру ресурстары арқылы болашақ мұғалімдердің логика-алгоритмдік ойлауының дамыту ерекшеліктері қарастырылады. Яғни, жаңартылған білім беру мазмұны аспектісінде білім берудің цифрлық технологиялары оқу процесінің сапасы мен тиімділігін арттырудағы ролі және заманауи аралас оқыту форматындағы өзектілігі айқындалады. Сонымен қатар, логикалық-алгоритмдік ойлау мәдениетінің анықтамасы, оны қалыптастыру жолдары зерттеліп, ғалымдардың еңбектеріне талдау жүргізілген. Логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамытудағы теориялық және практикалық білім беру барысында интерактивті тәсілдердің дәстүрлі тәсілдерден артықшылығы мен кемшіліктеріне салыстыру жүргізіледі.
Қазіргі кәсіби білім берудің мақсаты – өзгермелі ортаға бейімделуге икемді, білім мен ілімді өз бетімен меңгеріп, оны іс жүзінде қолдана білу дағдысы жоғары, жеке тұлғаны дамыту болып табылады. Осы орайда, болашақ математика мұғалімдерінің тұлғалық даму барысында цифрлық ресурстарды қолдану маңыздылығын айқындау мақсатында жүргізілген эксперименттік жұмыс барысы сипатталады. Мақаланың талқылау және нәтижелер бөлімінде білім беру платформаларын қолдану арқылы болашақ математика мұғалімдерінің логика-алгоритмдік дағдыларын дамыту тиімділігін зерттеу бойынша эксперименттік жұмыстың нәтижелері келтірілген. Аса зор назар логикалық-алгоритмдік мәдениетті қадам-қадаммен, біртіндеп қалыптастырудың негізгі шарты болып табылатын платформаға жүктелінген практикалық жаттығулар мен тапсырмаларды талдау мен таңдауға аударылады. Осы эксперименттің нәтижелерін талдау негізінде зерттеу тақырыбына сәйкес автоматты білімді тексеру жүйесі ендірілген, логикалық ойлауды және алгоритмдік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жаттығулардан тұратын, және де геймификация элементтерімен жабдықталған арнайы онлайн-платформа құру идеясы негізделеді.