МЕКТЕПТЕГІ ЦИФРЛІ ОҚЫТУ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ДАЯРЛЫҒЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.77.2.012Кілт сөздер:
мектептегі цифрлық оқыту, білім берудегі цифрлық технологиялар, цифрлық технологияларды қолдана отырып сабақты жобалау, педагогтің цифрлық құзыреттілігі, цифрлық технологияларды қолданатын сабақ түрлері, онлайн-сабақ, аралас сабақ, цифрлық білім беру мазмұнын сараптауАннотация
Мақалада болашақ мұғалімдердің цифрлық оқытуды ұйымдастыруға дайындығын қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Мақаланың мақсаты - болашақ мұғалімдерді мектепте цифрлық оқытуды ұйымдастыруға дайындау ерекшеліктерін сипаттау. Цифрлық оқыту деп әртүрлі технологияларды қолдана отырып, заманауи сабақты ұйымдастыруды қамтитын жаңа ұғымды айтамыз, сонымен қатар, цифрлі оқыту құбылысы сабақтың түрлеріне (мысалы, дәстүрлі, аралас, қашықтықтан, онлайн және т.б.) қатысты өзгереді.
Білім берудегі цифрлық технологиялар маңызды орынға ие болды және білім алушылардың білім сапасына әсер етеді. Авторлар студенттердің цифрлық дайындығын қалыптастыру тұжырымдамасын ұсынады. Цифрлық оқытудың мәні ашылады, бұл жалпы білімге әсер ететін жүйелі педагогикалық және техникалық көріністі білдіреді. Цифрлық оқытудың көп қырлылығы, атап айтқанда, инфрақұрылымдық, педагогикалық және психологиялық компоненттердің интеграциясы сабақтың тиімділігіне әсер етеді. Сонымен қатар, қазіргі кезде цифрлық технологиялар жаснады интеллект арқылы тәжірибеде кең қолдануда. Яғни әрі қарай тиімділігі арта түсіде.
Зерттеу барысында психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге кең және егжей-тегжейлі шолу жасалды және цифрлық оқытудың даму тенденциялары анықталды. Ұсынылған тұжырымдаманың ерекшелігі университеттің оқу процесіне бір оқу жылы аралығында оқытылатын "Мектептегі цифрлық оқыту" пәнін енгізумен анықталады. Пәннің ерекшелігі-оның тәжірибеге бағдарлануы, сабақтар шебер сынып түрінде өткізілді. Экспериментке педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Мониторинг 2 кезеңде жүргізілді - болашақ мұғалімнің дайындығының негізгі сипаттамалары ретінде анықталған 3 критерий және 12 көрсеткіш бойынша анықтайтын және қалыптастыратын топтар анықталды. Апробация топтардағы оқу нәтижелерін салыстырудың дәстүрлі әдісі аясында жүргізілді.