МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.037Кілт сөздер:
алгоритмдік дағдылар, мектепке дейінгі ересек жастағы балалар, оқыту құралдары, ойындар, алгоритмдік дағдыларды қалыптастыру шарттары, оқыту моделі, математика негіздерін оқыту процесі, шарттарАннотация
Қазіргі қоғамда мектеп жасына дейінгі балалардың алгоритмдік дағдыларын дамыту өзекті және аз қарастырылған мәселеге айналуда, Мектепке дейінгі жастың маңызды ерекшелігі -бала көп нәрсені бірінші рет меңгереді, оның өзіндік субъективті тәжірибесі өте елеусіз және оқудың бастапқы нүктесі ретінде қызмет етумен шектеледі. Демек, оқытудың алғашқы кезеңдерінде әрекеттің жалпыланған әдістері ретінде қарапайым алгоритмдерді меңгеру сәйкес әрекетті табысты меңгерудің қажетті шарты болып табылады.
Мақалада авторлар мектеп жасына дейінгі балалардың алгоритмдік дағдыларын дамыту мәселесінің жай-күйіне талдау жасайды. Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық және әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың алгоритмдік дағдыларын дамыту мақсатында математиканы оқыту моделі жасалды және оның тиімділігі алгоритмдік дағдыларды дамыту құралдарын (проблемалық ойындар, әрекет құрылымы толық емес ойындар, квест ойындары, ережелері бар ойындар, кіріктірілген тапсырмалар) қолдану арқылы негізделді.