БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.005Кілт сөздер:
кәсіби имидж, әлеуметтік желі, кәсіби өзін-өзі таныту, болашақ педагог-психологтар,, цифрлық орта, цифрлық оқыту, кәсіби құзыреттілік, беделАннотация
Мақалада болашақ педагог-психологтардың кәсіби имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің маңызы туралы баяндалған. Мақаланың мақсаты – болашақ педагог-психологтардың кәсіби имиджін қалыптастыруда әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда негіздеу және олардың цифрлық ортадағы кәсіби өзін-өзі таныту, коммуникациялық дағдыларды дамыту, психологиялық қызметтің танымалдығын арттырудағы рөлін анықтау. Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық маңызы - мақалада әлеуметтік желілер арқылы кәсіби имиджді қалыптастырудың теориялық негіздеріне талдау жасалуы, ғылыми тұжырымдардың жүйеленуі және оны осы мәселе бойынша зерттеу жүргізушілердің алынған мәліметтерді кәсіби имиджді қалыптастыруда тәжірибеде қолдану мүмкіндігінің болуы.
Мақалада сапалық және сандық зерттеу әдістерінен контент-талдау және сауалнама қолданылды. Контент талдау диссертациялық жұмыстар, шетелдік, ресейлік және отандық мақалаларға талдау жасау арқылы жүзеге асырылып, кәсіби имидж ұғымының мәні мен оны қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің маңызы талданды. Сауаланамаға С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 1-4 курсының 79 студенті қатысты. Сауалнама нәтижелері болашақ педагог-психологтар әлеуметтік желіні кәсіби имиджді қалыптастыру құралы ретінде қолданудың маңыздылығын қолдайтындығын көрсетті, ол зерттеу аясында жүргізілген контент-талдау нәтижесінде жасалған кәсіби имидждің дамуына әлеуметтік желілердің маңызы туралы тұжырымдармен сәйкес келеді. Зерттеу болашақ педагог-психологтардың әлеуметтік желілер арқылы кәсіби имиджін қалыптастыруға, кәсіби ұстанымдарын көрсетуіне және маман ретінде қалыптасуына оң ықпал ететінін көрсетті. Бұл мақала цифрлық ортада кәсіби имиджді қалыптастыру мәселесін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қарастыра отырып, әлеуметтік медианың кәсіби өзіндік сананы қалыптастырудағы орнын нақтылайды.





