МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.040Кілт сөздер:
математиканы оқыту, дарынды оқушылар, шығармашылық белсенділік, ойлау, шығармашылық белсенділігін дамыту, проблемалық, эвристикалық, жобалық оқыту әдісіАннотация
Бұл мақала математиканы оқытуда дарынды оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудың әдістерін қарастырады. Шығармашылық белсенділікті дамыту – оқушыларға білімді құндылық бағдары ретінде игертумен, олардың ізденімпаздығы мен зерттеушілігін, білімін жаңа жағдайда шығармашылықпен пайдаланатын жеке тұлғаны дамытатын педагогикалық үрдіс ретінде түсініледі.
Басты мақсаты – математиканы оқытуда оқушылардың мотивациясын, өзіндік білім алуын, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту. Математиканы оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл олардың ойлау қабілетін арттыруға, мәселелерді шешуде шығармашылық тәсілдерді қолдануға және математикалық білімдерін тереңдетуге ықпал етеді. Психолог-педагог ғалымдар мен дидактардың зерттеулері негізінде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін компьютерлік технологияның инновациялық мүмкіндіктерін пайдаланып жобалау әдісімен дамытудың сызбасы келтіріледі. Сонымен бірге, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту үшін келесі әдістер, бағдарламалық оқыту әдісі, интербелсенді әдістер, кейс-стади әдісі, проблемалық оқыту әдісі, эвристикалық әдіс, зерттеушілік әдістерінің маңыздылығына тоқталып, мысалдар келтірілген. Оқыту үдерісінде дарынды балалар мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамыту мен тәрбиелеу олардың білімге деген қызығушылығы, қажетсінуі болғанда жүзеге асады. Яғни, білімге қызығушылық жеке әдістемелік міндеттерді шешуге ғана жәрдемдесіп қоймай (заңдарды тұжырымдауға және қолдануға үйрену, сызбалар сызу, есеп шығару т.с.с), оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал еткенде ғана, ол қызығушылық шығармашылық белсенділікке ауысатындығы мысалдарда дәлелдеп берілген. Зерттеу математиканы оқытуда дарынды оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту әдістерінің ғылыми және практикалық маңыздылығын арттырады деп болжанады.





