ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.011%20Кілт сөздер:
функционалдық сауаттылық, химия, жасанды интеллект, білім беруді цифрландыру, педагогикалық технологиялар, сыни ойлау, бейімделген оқыту, PISA, цифрлық құралдарАннотация
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі терең цифрлық трансформация кезеңін бастан өткеруде. Бұл үдеріс жылдам өзгеретін технологиялық ортада тиімді әрекет ете алатын білім алушыларды даярлауға деген сұранысты арттырады. Басты міндеттердің бірі – функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, яғни білімді, іскерлікті және дағдыларды өмірлік, оқу және кәсіби жағдайларда тиімді қолдана білу қабілетін дамыту. Бұл мәселе химияны оқыту контекстінде ерекше маңызға ие, себебі химия – аналитикалық және сыни ойлауды, логикалық пайымдауды, зерттеу қабілеттерін және практикалық бағыттылықты дамытатын іргелі жаратылыстану пәні болып табылады. Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының жедел дамуы жағдайында оны білім беру үдерісіне интеграциялау функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың жаңа көкжиектерін ашады. ЖИ технологиялары оқу үдерісін жекелендіріп, білімді бағалауды автоматтандыруға, күрделі химиялық үдерістерді визуализациялауға және оқушыларды шынайы өмірлік жағдайларды модельдеуге тарта алады.
Мақаланың мақсаты – химияны оқыту үдерісінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында ЖИ технологияларын қолдану бойынша ғылыми тәсілдерді жүйелеу. Зерттеу барысында теориялық негіздер қарастырылып, халықаралық тәжірибе талданған, ЖИ әлеуеті мен шектеулері айқындалып, педагогтарға арналған тәжірибелік ұсыныстар ұсынылады және Қазақстанда цифрлық химияның ұлттық моделін қалыптастырудың маңыздылығы негізделеді.





