ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛДАНБАЛЫ ЛИНГВИСТИКА МЕН ТІЛДІ БІЛІМІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖИ КӨМЕГІМЕН ҒЫЛЫМИ ЖАЗУ: ШОЛУ МАҚАЛА

Автор(лар)

  • Задаханова А.А. Казахский национальный женский педагогический университет
  • Жансеркеева Э.Н.
  • Монтгомери Ф.Д.
  • Байсыдык И.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.78.3.010

Кілт сөздер:

Академиялық жазылым, ЖИ көмегімен академиялық жазылым, қолданбалы лингвистика, жоғары білім беру, шолу зерттеу,, тілдік білім беру, жасанды интеллект (ЖИ), ChatGPT

Аннотация

Бұл шолу зерттеу Қазақстандағы қолданбалы лингвистика мен тіл білімін оқытудағы жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жүргізілетін академиялық жазуды зерттеуге арналған негізгі ұғымдар мен ең қолайлы зерттеу әдістемелерін қарастырады. Зерттеудің мақсаты – ЖИ көмегімен жазылатын академиялық жазылымдағы негізгі ұғымдарды анықтау, әдіснамалық тәсілдерді жүйелеу, қалыптасып келе жатқан үрдістерді бағалау, бар олқылықтар мен қайшылықтарды айқындау, сондай-ақ тәжірибені жетілдіру бойынша ұсыныстар беру. РСС (Population-Concept-Context) құрылымына сәйкес, шолу Қазақстандағы оқытушыларды, зерттеушілерді және студенттерді қамтыған, ғылыми жазуда ЖИ құралдарын қолдануға бағытталған зерттеулерді қамтиды. Ғылыми жазуға, Қазақстан контекстіне немесе тиісті ғылыми салаларға қатысы жоқ зерттеулер шеттетілді. Деректер базасы бойынша іздеу 2025 жылғы сәуір айында Scopus, Google Scholar, IEEE, сондай-ақ жергілікті мәліметтер базалары және 2021-2025 жылдар аралығындағы конференция материалдары негізінде ағылшын тілінде жүргізілді. Нәтижесінде 40 өзекті дерек көздер іріктеліп, тақырыптық талдау жүргізілді және баяндауыш синтез арқылы өңделді. Бұл зерттеу жоғары білім беруде академиялық жариялау саласындағы жасанды интеллектке негізделген жазу көмекшілері, грамматиканы тексеру құралдары және плагиатты анықтау бағдарламаларын қолдануға бағытталған. Нәтижелер жасанды интеллект технологияларын қолдану үрдісінің біртіндеп, бірақ сақтықпен жүзеге асып жатқанын көрсететті. Негізгі тақырыптар қатарында жазу сапасының жақсаруы, плагиатқа қатысты алаңдаушылықтар және нақты нұсқаулықтардың қажеттілігі атап өтілді. Бұл шолу ЖИ-ді ғылыми жазу тәжірибесіне этикалық және тиімді түрде енгізу үшін жергілікті зертттеулердің, институционалдық саясаттың және оқытушыларды даярлау жүйесінің маңыздылығын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles