КӘСІПКЕРЛІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ КОЛЛАБОРАТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Автор(лар)

  • Таш М. Университет Сулейман Демиреля
  • Сармурзин Е.Ж. Suleyman Demirel University
  • Масырова Р.Р. Евразийский технологический университет

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.018

Кілт сөздер:

мансаптық табыс, коллаборативті орта, цифрлық кәсіпкерлік, кәсіпкерлік білім,, ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету

Аннотация

Жоғары оқу орындарының студенттеріне тек академиялық білім беру жеткіліксіз, осы орайда олардың бәсекге қабілеттілік әлеуетін арттыру мақсатында кәсіпкерлік дағдыларын дамыту маңызды. Бүгінгі таңда жоғары мектептің оқу бағдарламалары кәсіпкерлік білімді қамтиды. Осы орайда коллаборативті оқыту үдерісінің тиімділігіне, жоғары оқу орындары білімгерлерінің оқу үлгеріміне және кәсіпкерлік табысына әсерін бағалау мақсатында осы зерттеу жүргізілді. Зерттеуге Алматы қаласының университеттерінде оқитын 143 білімгер қатысты. Зерттеуге қатысушылар екі топқа бөлінді: коллаборативті оқытуды белсенді қолданатын 73 білімгерлерден тұратын фокус-топ және дәстүрлі оқытуды қолданған 70 қатысушыдан тұратын салыстыру тобы. Бұл екі топ арасындағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеудің дәлдігі мен сенімділігін арттыру мақсатында фокус-топтармен жұмыс 12 ай бойы жүргізілді. Жұмыспен қамтылған білімгерлердің жалпы пайызы айтарлықтай жоғары болды: түлектердің 70%-дан астамы ресми еңбек қызметін бастады. Бизнес-кейстерді пайдалану еңбек нарығында түлектерге сұраныстың артуына ықпал етеді. Нәтижелер зерттелетін әдістеме мен  және  жоғары мәндерін көрсететін өз ісін ашуда көрінетін кәсіпкерлік табыстың арасындағы маңызды корреляцияны көрсетеді. Алматы қаласының университеттерінде коллаборативті оқытуды қолдану кәсіпкерлік ортада түлектердің мансаптық дамуында толық табысқа қол жеткізді. Әдістемені кеңірек енгізу өзін-өзі ақтайды және кәсіпкерлік білімнің сапасына ықпал етеді. Мақаланың алғашқы бөлігі кіріспе мен негізгі ережелерден тұрады. Онда жұмыстың маңыздылығы мен мақсаты айтылады. Одан кейін зерттеудің әдістері туралы баяндалып, алынған нәтижелер төңірегінде талқылау жүргізіледі және соңғы бөлігінде зерттеудің жалпы қорытындысы айтылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи