ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.042Кілт сөздер:
жасөспірім, агрессия, мектеп, диагностика, қарым-қатынас, мінез-құлық, агрессивті мінез-құлық, отбасыАннотация
Аңдатпа. Бұл мақалада тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқын педагогикалық-психологиялық диагностикалау жүзеге асырылды. Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқын диагностикалау бойынша ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасалды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар бірнеше бағытта жүргізілді: бірінші бағыт - агрессивті мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс; Екінші бағыт - агрессивті мінез-құлық танытатын жасөспірімдердің ата-аналарымен диагностикалық жұмыс; Үшінші бағыт - мектеп педагогтарымен жұмыс.
Зерттеу жұмысының бағыты бойынша статистикалық деректер өңделді. Бақылау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, анкета және педагогикалық жағдаяттарды тәжірибеге ала отырып зерттеу жұмыстары жалпы білім беретін мектеп базасында 44 жасөспірім, 20 ата-ана және 10 педагогпен жүргізілді.
Зерттеу жұмысының мақсаты – жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқын анықтаудың психологиялық және педагогикалық диагностика әдістерін талдау және олардың тиімділігін бағалау.
Зерттеу мақсатына сәйкес, жасөспірім жасындағы балалармен, олардың ата-аналарымен және мектеп педагогтарымен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, нәтижелері көрсетілді. Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқын түзетуді диагностикалау мақсатында авторлық психологиялық әдістемелер, агрессивті мінез-құлықтың әртүрлі формаларын көрсететін жасөспірімнің жеке дамуының психологиялық-педагогикалық сипаттамаларының картасы қолданылып, жалпы білім беретін мектептерде жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы формаларының көріну жиілігі, оның деңгейлері анықталды. Жасөспірімдердің мұғалімдер туралы пікірлері айқындалып, оның агрессияға әсер етуі бағаланды. Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы агрессивті көріністерді бақылау үшін агрессияның көріністерін мақсатты бақылаудың үлгілік схемасы қолданылды. Бұл патологиялық мінез-құлықтағы агрессивті реакциялардың қалыптасу тенденциясы туралы болжам жасауға және агрессивтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқын және оны жалпы білім беретін мектептердің іс-тәжірибесінде жүзеге асырудың педагогикалық жағдайларын түзету бойынша мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекет моделінің тиімділігін бағалап және эксперименталды түрде тексеріп, агрессивті мінез-құлықты алдын алу және түзетуге арналған практикалық ұсыныстар берілді.





