КӘСІБИ БАҒДАРЛЫ ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ МӘТІН
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.023Кілт сөздер:
мәтін, бейімделген мәтін, түпнұсқа мәтін, кәсіби орыс тілі,, коммуникативті құзыреттілік, мәтінмен жұмыс кезеңдеріАннотация
Аталмыш мақалада автор мәтіннің рөлін жоғары оқу орындарының ұлттық аудиториясының студенттеріне кәсіби бағытталған орыс тілін оқытудың басты әдістемелік негізі ретінде қарастыруды мақсат етеді. Тіл бойынша практикалық сабақтарда бейімделген мәтіндерді қолдану білім алушылардың ғылыми-кәсіби сөйлеуі мен коммуникативтік қабілетін жетілдіруге, алдағы кәсіби қызметінде олардың орыс тілінің түрлі құралдарын оңтайлы пайдалануына ықпал ететіні ерекше атап өтілді. Жұмыста кәсіби бағытталған орыс тілін оқыту процесінде мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс істеудің ерекше өзектілігі дәлелденеді. Бейімделген мәтіндерді қолданудың сөзсіз жағымды жақтарына автор тілді меңгерудің нақты деңгейіне, оқу дағдыларын дамытуға, тілді тез түсінуге, сөздік қорын толықтыруға назар аударады.