ҚАЗАҚСТАНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮСІНІК, ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚИЫНДЫҚТАР

Автор(лар)

  • Смагулова А.С. Al-Farabi Kazakh National University
  • Изекенова Н.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.038

Кілт сөздер:

инклюзивті білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ), ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту, педагогикалық хабардарлық, инклюзивті білім берудегі қиындықтар, саралап оқыту, әдістемелік материалдар, оқушылардың әртүрлілігі

Аннотация

Қазақстанда білім беруді жаңғырту жағдайында барлық санаттағы оқушыларға, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар балалар үшін, білім алуға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған инклюзивті тәсілді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Инклюзивті ортада ағылшын тілін оқыту — бұл маңызды педагогикалық міндет, өйткені ол оқушылардың әртүрлі когнитивтік, коммуникативтік және мінез-құлықтық ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Бұл зерттеудің мақсаты — ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасау барысында ағылшын тілі мұғалімдерінің жиі тап болатын қиындықтарын анықтау, сонымен қатар инклюзия жағдайында қолданылатын тиімді педагогикалық тәжірибелерін жинақтау.  Зерттеу барысында сауалнама және нормативтік құжаттарды талдау әдістері қолданылды. Зерттеуге Қазақстанның үш ірі қаласындағы (Астана, Алматы, Шымкент) жалпы білім беретін мектептерінен 34 мұғалім қатысты. Нәтижелер көрсеткендей, инклюзивті қағидалар туралы хабардарлықтың жоғары деңгейіне қарамастан, мұғалімдердің үштен бір бөлігі ғана бейімделген әдістерді тәжірибеде қолданатынын көрсетті. Басты кедергілер — әдістемелік материалдардың тапшылығы, арнайы дайындықтың болмауы, әкімшілік пен мамандар тарапынан қолдаудың жеткіліксіздігі. Дегенмен, көру-сезімдік қолдаудың, тапсырмаларды дараландырудың және көмекші технологиялардың элементтерін қолданудың оң мысалдары кездеседі. Ұсынылған деректер инклюзивті ортаның ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тілін оқытудың кешенді әдістемесін әзірлеу және мұғалімдердің біліктілігін арттыру қажеттігі бар туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles