МЕНЕДЖМЕНТ САПАСЫН АРТТЫРУ КОНТЕКСТІНДЕ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНДАҒЫ МАЗАСЫЗДЫҚ ПЕН ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ БАЙЛАНЫСЫ

Автор(лар)

  • Ниязова А.У. КазУмоИМЯ им Абылай хана
  • Дәуіт Ф.Қ.
  • Булатбаева А.А.
  • Абилтаева А.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.040

Кілт сөздер:

уайымшылдық, эмоционалды интеллект, білім беру ұйымының басшысы, басқарушылық қызмет, психоэмоционалды жағдай, кәсіби күйзеліс, мектеп ортасы, стресске төзімділік

Аннотация

Мақалада жалпы білім беретін ұйымдар басшыларының уайымшылдығы (тревожность) басқарушылық қызмет сапасына және педагогикалық ұжымның жұмыс істеуіне әсері зерттеледі. Білім беру жүйесінде үнемі өзгерістер болып жатқан қазіргі жағдайда мектеп басшылары кәсіби және эмоционалды тұрғыда үлкен қысымға ұшырайды. Бұл олардың жеке тиімділігіне ғана емес, ұжым ішіндегі психологиялық ахуалға да теріс әсер етуі мүмкін. Теориялық бөлімде уайымшылдықтың ұғымы, оның түрлері (ситуациялық және тұлғалық) және эмоционалды интеллектпен байланысы қарастырылады. Эмпирикалық зерттеу Батыс Қазақстанның Атырау облысындағы бес мектеп базасында «Жаңа буын мектебі» жобасы аясында жүргізілді. Зерттеуге 50 қатысушы, оның ішінде 15 мектеп басшысы (директорлар мен орынбасарлар) қамтылды. Уайымшылдық деңгейін және эмоционалды интеллект компоненттерін анықтау үшін EQ және IEPP© (В. Шиманская) моделі қолданылды. Зерттеу нәтижелері басшылар арасында уайымшылдық деңгейінің әртүрлі екенін және эмоционалды интеллект деңгейі төмен болған сайын уайымшылдық деңгейінің жоғары болатынын көрсетті. Мақалада басшылардың эмоционалды интеллектісін дамытуға бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламасы ұсынылады. Эмоционалды көшбасшылықтың маңыздылығы атап өтіліп, мектептерде эмоционалды интеллектпен жүйелі жұмыс жүргізуге арналған практикалық ұсыныстар берілген.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles