ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ЗЕРТХАНА КӨМЕГІМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕЙТІН ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Автор(лар)

  • Қарабала Т.М. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
  • Жарылгапова Д.М. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.008

Кілт сөздер:

өзін-өзі реттейтін оқу (SRL), цифрлық технология, цифрлық зертхана, мультидатчик, Releon air, Releon Lite, метатанымдық дағдылар, рефлексия

Аннотация

Бұл мақалада жоғары оқу орнының физика курсында білім алушылардың өзін-өзі реттеп оқу (SRL - self-regulated learning) дағдыларын дамытуда цифрлық зертханалардың рөлі қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты - дәстүрлі зертханалармен салыстырғанда цифрлық зертханалардың SRL компоненттерін (мақсат қою, жоспарлау, бақылау және өзін - өзі бағалау) дамытуға ықпалын анықтау. Қазіргі білім беру жүйесінде SRL дағдылары маңызды құзіреттілік ретінде танылып отыр, сондықтан оларды қалыптастырудың тиімді құралдарын анықтау өзекті мәселе болып табылады. Өзін-өзі реттейтін оқуда білім алушылар неліктен қиналатындығы, цифрлық зертхананың артықшылықтары мен кемшіліктері және зерттеу жүргізу кезеңдері нақты айтылады. Мақалада SRL теориялық негіздері, зертханалық жұмыстарды салыстырмалы талдау, зерттеу әдістемесі және эмпирикалық нәтижелер сипатталады. Зертханалық жұмыс ыңғайлы, мультифункционалды Releon Air және Releon Lite цифрлық зертханалық құрал көмегімен жүргізіледі. Зерттеу жұмысында сабақтар дәстүрлі және цифрлық форматта өткізіліп, білім алушыларға пре- және пост-тест ұсынылады. Таңдап алынған жоғары оқу орнынан 45 студентке сабақ жүргізілді және осы студенттерден тесттік тапсырмалар алынып отырады.  Тест нәтижелеріне IBM SPSS Statistics Version 29 компьютерлік бағдарламасының көмегімен салыстырмалы талдау жүргізіледі. Өзін – өзі реттеу дағдыларын өлшеу мақсатында халықаралық деңгейде ең көп таралған SRL өлшемі (MSLQ) жасалды. Цифрлық зертханаларды қолдану арқылы алынған мәліметтер білім алушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына оң ықпал еткенін көрсетеді. Зерттеу қорытындысы бойынша цифрлық зертханалар физика пәніндегі күрделі тақырыптарды түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, білім алушылардың өздігінен білім алу дағдыларын да жетілдіретіні көрінеді.

Автор биографиялары

Қарабала Т.М., Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Физика және математика кафедрасы, педагогика ғылымдарының магистрі

Жарылгапова Д.М., Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

 Физика және математика кафедрасы. Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles