ҚАЗАҚСТАНДА АУТИЗМ СПЕКТРІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН ДАМУ ВЕКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

Автор(лар)

  • Оразаева Г.С. Казахский национальный женский педагогический университет
  • Абаева Г.А. КазНПУ им.Абая

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2025.79.4.032%20

Кілт сөздер:

аутизм, аутизм спектрінің бұзылуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, қолдау, оқыту стратегиялары мен әдістері, ерте араласу, әлеуметтендіру

Аннотация

Андатпа. Мақалада Қазақстан Республикасындағы аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балаларды қолдау жүйесінің қазіргі жағыдайына талдау жасалған. Соңғы жылдардағы деректер мен қазақстандық мамандардың тәжірбиесіне сүйене отырып, АСБ бар балалардың таралуы, диагностика тәсілдері, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үлгілері, сондай-ақ оларды жалпы білім беру ортасына енгізу тәжірбиесі қарастырылды. Қазақстан Республикасындағы ғылыми зерттеулер мен практикалық бастамаларға, оның ішінде мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен үкіметтік емес сектордың қызметіне жасалған шолу АСБ бар балаларды қолдау жүйесін тиімді диагностика, оқыту және әлеумттендіру әдістеріне негіздеп құрылымдаудың қажеттілігін айқындайды.

Кешенді көзқарастың маңызы да атап өтіледі, ол көпдеңгейлі диагностиканы қамтиды: скринингтік әдістемелерді; псхологиялық-педагогикалық бағалау мен ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтауды және халықаралық «алтын стандарт» құралдардың – ADOS-26, ADI-R қолдануды.

Практикалық қызметте мінез-құлықтық тәсілдер (АВА-терапия,УВА,PRT), дамытушы бағыттар (DIR/Floortime, SON-RISE эмоциялық -мағыналық тәсіл), сондай ақ аралас әдістемелер (ESDM, JASPER, сенсорлық интеграция, TEACCH,PECS) кеңінен қолданылуда. Олардың тиімділігі халықаралық және қазақстандық зерттеулермен дәлелденген.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстан АСБ бар балаларды қолдау жүйесін дамытудың тұрақты үдерісін көрсетіп отырғаны, халықаралық тәжірбиелерді белсенді енгізіп жатқаны анықталды. Елде біртіндеп тұтас ғылыми-әдістемелік өріс қалыптасып келеді. Ол білім беру қажеттіліктерін бағалау, аутизмі бар балалармен түзету-дамыту жұмыстары, отбасыға қолдау көрсету, педагогикалық және психологиялық кадрларды даярлау мәселелерін қамтиды.

Алдындағы зертеу бағыттар ретінде сүйемелдеу бағдарламаларын жетілдіру, деңгейлік қолдау жүйесін құрылымдау және қолданылып жүрген әдістемелердің тиімділігін ұлттық контексте бағалау айқындалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles