БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ MULTISKILLING ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ)

Автор(лар)

  • Дауренбек Н. ABAI UNIVERSITY
  • Кошербаева А.Н.
  • Калимодаева А.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.016%20%20%20

Кілт сөздер:

болашақ педагог, multiskilling, кәсіби даярлық, hard skills, soft skills, корреляциялық талдау, кәсіби гибридтену, кәсіби икемділік

Аннотация

Қазіргі білім беру жүйесінің трансформациясы жағдайында мұғалімнің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар елеулі түрде өзгеріп, оның кәсіби құзыреттерін қалыптастырудың тиімді модельдерін іздестіру өзекті мәселеге айналуда. ХХІ ғасыр мұғалімі тек пәндік білімді жеткізуші ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың сыни ойлауын, шығармашылық әлеуетін және әлеуметтік белсенділігін дамытатын көшбасшы, фасилитатор және тәлімгер ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда, болашақ педагогтерді даярлау үдерісінде қатты  (hard skills) және жұмсақ (soft skills) дағдыларын кіріктіре әрі теңгерімді дамытуға бағытталған multiskilling тұжырымдамасының маңызы артып отыр.

Мақалада болашақ педагогтердің кәсіби қызметке дайындығын айқындайтын қатты  (цифрлық сауаттылық, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру, басқару және бағалау) және жұмсақ (коммуникативтік қабілеттер, командада жұмыс істеу, көшбасшылық, бейімделгіштік) арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында сауалнама, тестілеу және Пирсонның корреляциялық талдауын қоса алғанда, математикалық-статистикалық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижелері қатты және жұмсақ дағдыларының көрсеткіштері арасында жоғары оң корреляцияның бар екенін көрсетті, бұл multiskilling тәсілін оқу үдерісіне енгізудің тиімділігін дәлелдейді. Көпбейінді құзыреттерді дамыту болашақ педагогтердің кәсіби икемділігін арттырып, инновациялық қызметке дайындығын және өзгермелі білім беру ортасына бейімделу қабілетін күшейтетіні анықталды.

Қорытындылай келе, multiskilling тұжырымдамасын жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне интеграциялау болашақ мұғалімдерді сапалы даярлаудың және еңбек нарығы талаптарына сай бәсекеге қабілетті маман қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles