ЭМОЦИОНАЛДЫ СӨЙЛЕУ – БОЛАШАҚ МАМАНДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ САПА

Автор(лар)

  • Султанова М.С. Казахский национальный женский педагогический университет

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.004

Кілт сөздер:

эмоционалды сөз, көркем қабылдау, импровизация, интонация, сөздің коммуникативті сапасы

Аннотация

Бұл мақалада болашақ мұғалімнің кәсіби шеберлігінің ең маңызды элементтерінің бірі – эмоционалды сөйлеу және сөздің мәнерлілігі, бейнелілігі, көркемдігі сияқты оның негізгі құрамдас бөліктері зерттеуші-ғалымдардың түрлі көзқарастары негізінде қарастырылады. Білім алушыларға эмоционалды әсер етуде импровизацияның маңызыдылығы атап өтіледі, оның табысты болуының кілті пәнді терең меңгеру және педагогикалық тәжірибе болып танылады. Болашақ маманның аудитория алдында эмоционалды сөйлеуге дайындығы оқу-педагогикалық үдерістің мазмұндық ерекшеліктері мен оны тұтастай ұйымдастыра алуына байланысты. Музыкалық шығармалардағы поэтикалық мәтіннің көркемдік ерекшеліктерін терең талдау, сөздік мәтінді орындауда көркемдік-бейнелі құралдарды меңгеру және оны тиімді пайдалану сияқты көрсеткіштердің болуымен сипатталынып ұсынылады.

Болашақ мұғалімнің оқушыларды баурап алуы, олардың бойында қарқынды әсерлену қажеттігін тудырту қабілеті ерекше маңызға ие. Бұл әсіресе эмоционалдылық, өзін-өзі таныту қабілеті, орындаушылық ерік сияқты тұлғалық қасиеттерді ұштайтын музыкалық орындаушылыққа тән.

Музыка сабағы – мектептегі мұғалім мен оқушылар арасындағы эмоционалды әсер етудің негізгі формасы, ол жалпы адамзаттық құндылықтарды ашуға бағытталған музыкамен және басқа да өнерлермен түрлі қарым-қатынас формаларында ашылатын, біртұтас бірлескен музыкалық-шығармашылық әрекет ретінде көрінеді. Әдеби дереккөздерге байланыстырылған музыкалық шығармаларды сабақта меңгерту көркемдік тілмен қатар сөйлеу мәнерін де білуді талап етеді. Эмоционалды сөз оқушылардың бойында абстрактілі ойлау, елестету, түйсік т.б. психологиялық сипаттарды туғызып, олардың зейінін оқиғаларға, құбылыстарға, уақытқа, өнердің көркем тілін сезінуіне бағыттайды.

Мұғалімнің сенімді атмосфераны орнатуда өзінің эмоционалды көңіл-күйін реттеуі, музыкалық шығарманы талдауда оны әрдайым сезіне білу,  жаңалығы мен көркемділігін аша алу қабілеті үлкен мәнге ие. Сондықтан да музыка мұғалімінің музыкалық шығармаға деген көзқарасын бейнелі сөзбен жеткізе білуінде эмоционалды әсер ету әдісінің алатын орны ерекше.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи