QAZGPT АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ АУДАРМАШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.80.1.015%20%20Кілт сөздер:
QazGPT, жасанды интеллект, аударма құзыреттілігі, субқұзыреттілік, әдістемелік үлгі, ұстаным, тәсіл, шеттілдік білім беру, когнитивті-лингвомәдени негіздерАннотация
Ұсынылып жатқан ғылыми зерттеу мақаласында QazGPT жасанды интеллектісі арқылы болашақ маманның аударма құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік үлгісі ұсынылады. Аударма құзыреттілігінің ғылыми-әдістемелік үлгісін қалыптастыру мақсатында шеттілдік білім берудің ғылыми зерттеу материалдары мен когнитивті-лингвомәдени негіздері қарастырылады. Болашақ маманның аударма құзыреттілігінің ең негізгі компоненттерінің құрамына когнитивтік, мәтін құраушы стратегия, жанрлық-стилистикалық және лингвоцифрлық субкомпетенциялар таңдалып алынды. Шеттілдік кәсіби білім беруде QazGPT жасанды интеллектісі арқылы тілдік мамандықтар студенттерінің аударма құзыреттілігін қалыптастыру үшін студентке негізделген тәсіл мен жүйе-іс-әрекеттік тәсіл қағидалары айқындалды. Әдістемелік жұмыс когнитивтік және аударма адекваттылығы сияқты әдіснамалық ұстанымдарға сүйенді. Тілдік мамандықтар студенттерінің аударма құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік үлгісі ұсынылды. Жасанды интеллект арқылы аударма құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік үлгісінің барлық блоктары егжей-тегжейлі сипатталған және түсіндірілген. «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы мамандығының студенттері арасында өткізілген эксперименттік жұмыс әдістемелік үлгінің тиімділігін анықтайды. Оқу материалы ретінде дүниежүзі бойынша бестселлер болған және білім беру мақсатында да қолданылатын Клейсон Дж.С. авторының «Вавилондағы ең бай адам» туындысы таңдалып алынды. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада әдістемелік үлгі аударма ісінде ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мақсатында қолдануға болатыны айқындалды. Жүргізілген зерттеу білім беруді цифрландыру және заманауи білім беру технологияларын енгізу жағдайында болашақ аудармашыларды оқыту әдістемесін дамытуға үлес қосады. Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, білім беру процесінде әзірленген жаттығулар мен тапсырмаларды қолдану мүмкіндігінде жатыр. Бұл тілдік мамандықтар студенттерінің аударма құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін арттыруға көмектеседі.





