ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ФОЛЬКЛОРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.81.2.030Кілт сөздер:
фольклор, цифрлық білім беру ресурстары, андық технологиялар, инновациялық оқыту әдістері, мультимедиа, интерактивті оқыту, виртуалды шындық, жасанды интеллектАннотация
Мақалада білім беру үдерісін цифрландыру аясында цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, фольклорды оқытудың инновациялық әдістері талқыланады. Ұлттық мәдениеттің және тәрбие берудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде фольклорлық шығармалардың өзектілігі атап өтіледі, сондай-ақ жас ұрпақтың халық мұрасына танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін жаңа тәсілдерді іздеу қажеттілігі көрсетіледі. Зерттеудің мақсаты – фольклорды оқытуда сандық технологияларды интеграциялаудың тиімді жолдарын анықтау және оларды қолданудың қазіргі тәжірибесін талдау. Зерттеу әдістеріне 2021–2025 жылдардағы ғылыми әдебиеттерге шолу және отандық пен шетелдік тәжірибені салыстырмалы талдау қолданылды. Зерттеу нәтижесінде негізгі инновациялық тәсілдер ретінде фольклорды визуализациялау үшін мультимедиалық ресурстар мен цифрлық архивтер, білім алушылардың қызығушылығын арттырудағы интерактивті платформалар мен ойын технологиялары, цифрлық сторителлинг, подкасттар жасау, толықтырылған және виртуалды шындық технологиялары, жасанды интеллект мүмкіндіктері көрсетілді. Сонымен қатар цифрлық ресурстардың артықшылықтары (көрнекілік, интерактивтілік, оқытуды даралау) мен мәселелері (ұлттық тілдегі цифрлық контенттің жетіспеушілігі, мұғалімдерді даярлау қажеттілігі) талқыланады. Қорытындыда фольклорды оқытуда сандық технологияларды пайдалану әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүзеге асырылса мәдени мұраны сақтау мен білім алушылардың оқу белсенділігін арттыруда тиімді әрі нәтижелі ықпал ететіні атап өтіледі.





