КЕЙС ӘДІСІН ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ-БАҒЫТТАЛҒАН ДАЯРЛАУДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ

Автор(лар)

  • Парманова А.Б.
  • Садыкова А.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2020.58.3.013

Кілт сөздер:

кейс-технология, кейс-әдіс, жағдай, талдау, ситуациялық оқыту әдісі

Аннотация

Оқу үрдісінде кейстік әдіс болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыруға ықпал етеді. Ситуациялық мәселелердің осы әдісін қолданудың мақсаты
студенттерді оқыту процесін оңтайландыруды болжау болып табылады. Мақалада жоғары
білім берудегі кейс-әдісті қолдану технологиясы ұсынылған.
Кейс зерттеу нәтижелерін ұсыну - кейс зерттеу әдісінің өте маңызды аспектісі.
Интеллектуалды өнімді көпшілікке ұсыну, оны жақсы жарнамалау, оның артықшылықтары
мен тиімді қолданудың мүмкін бағыттарын көрсету, сондай-ақ сын- ескертпелерге қарсы
тұру қабілеті - заманауи маманның өте құнды ажырамас сапасы. Презентация адамның
бойындағы көптеген терең қасиеттерді айқындайды: ерік-жігер, сенімділік, мақсаттылық,
ізеттілік және т. б.; шешендік қарым-қатынас, олардың имиджін қалыптастыру дағдыларын
дамытады.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-05-19

Жоба

Раздел

Статьи