ЖОҒАРЫ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ӨЛШЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2023.69.2.002Кілт сөздер:
Құзыреттілік тәсіл, жоғары мектепте құзыреттілік тәсілді енгізу,, құзыреттілік, оқу нәтижелерін бағалау, құзыреттіліктің қалыптасуын өлшеу, жарамдылық, құзыреттілікті бағалау, бағалау құралдарыАннотация
Оқу іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау білім берудегі ең көп талқыланатын, даулы және шешімін таппаған мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты құзыреттіліктің қалыптасуын өлшеу әдістері мен технологияларын талдау және білім беру нәтижелерін бағалау болып табылады. Құзыреттілік тәсілді енгізу үшін білім беру процесіне елеулі түзетулер қажет, олар оқыту мен бағалау әдістеріндегі өзгерістермен байланысты болуы тиіс. Студенттерді даярлау сапасын бағалау пәндерді меңгеру деңгейін бағалауды және студенттердің құзыреттерін бағалауды қамтиды. Студенттердің жеке білім беру жетістіктерін бағалау жүйесін құру үшін критериалды тәсіл мен операциялық тәсіл қолданылады. Құзыреттілік моделін әзірлеу студенттердің қабілеттері мен сипаттамаларының жиынтығын, кластер және профильді құзыреттіліктерді анықтау үшін қажет. Құзыреттілік моделі кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың жоспарланған деңгейлерін және оларды бағалау критерийлерін анықтайды. Мазмұнды сипаттама құзыреттіліктің құрылымдық элементтерін оның санаттарына негізделген деңгейлеріне сәйкес көрсетеді. Кәсіби құзыреттіліктерді тікелей байқау мүмкін болмағандықтан, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі туралы сенімді қорытынды жасауға мүмкіндік беретін білім беру іс-шаралары қолданылады. Бұл мақалада студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және бағалау үшін ситуациялық, интеграцияланған және тәжірибеге бағытталған кешенді тапсырмалар қарастырылады. Заманауи бағдарламалық жасақтама деректерді өңдеуді автоматтандырады; олардың жұмысы Раш моделін қолдануға негізделген. Құзыреттілікті қалыптастыру деңгейлерін бағалау жүйесі принциптерден, бағалау құралдарынан және бағалау нысандарынан тұрады. Құзыреттіліктерді бағалау үдерісін өзара байланысты кезеңдердің тізбегі ретінде көрсетуге болады: құзыреттілік моделін, құзыреттілік деңгейлеріне қойылатын талаптар, бағалау құралдары мен бағалау технологиялары әзірлеу. Бағалау процедурасының сенімділігі мен негізділігін қамтамасыз ету де маңызды.