НАНО ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.81.2.028Кілт сөздер:
нано оқыту, бастауыш сынып білім алушысы, сыни ойлау дағдысы, қалыптастыру, білім беру, цифрлық оқыту технологиялары, интерактивті оқыту, цифрлық платформалар, мультимедиалық құралдарАннотация
Қазіргі кезеңдегі білім беру кеңістігіне заманауи оқыту түрлерін енгізу арқылы жоғары бәсекелестікке лайық тұлғаны қалыптастыруда нано оқыту негізінде бастауыш сынып білім алушыларының сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру мәселесі маңыздылығы жоғары терең зерттеуді қажет ететін бағыттардың бірі. Мақалада нано оқыту негізінде бастауыш сынып білім алушыларының сыни ойлау дағдыларын қалыптастырудың жолдарын анықтау қарастырылады. Зерттеудің өзектілігін анықтау мақсатында бастауыш білім берудің мемлекеттік білім беру стандартына, ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына және «сыни ойлау», «нано оқыту» ұғымдарын жан-жақты зерттеген отандық және шетел ғалымдарының еңбектеріне талдау жасалып, теориялық негіздері айқындалды. Сыни ойлау ұғымына авторлық анықтама беріліп, сыни ойлаудың негізгі компоненттері айқындалып және нано оқыту мен цифрлық оқытудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары нақтыланды.
Зерттеуге Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін мектептерден 146 білім алушы: тәжірибелік сыныпта 72 білім алушы, бақылау сыныбында 74 білім алушы қатысты. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 2025-2026 оқу жылының І, ІІ тоқсанында іске асырылды. Тәжірибелік-эксперименттің анықтау кезеңінде сауалнама әдісі білім алушылардың нано оқытуға қызығушылығы мен ынтасын анықтауға және екінші арнайы авторлық тапсырма әдісі бастауыш сынып білім алушыларының сыни ойлауының бастапқы деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Анықтау экспериментінің нәтижесінде білім алушылардың сыни ойлау дағдысын қалыптастыру қажеттілігі айқындалды. Сондықтан, қалыптастыру кезеңінде нано оқытудың екі жолы қолданылды. Бірінші жолы - Nano-questioning (нано сұрақтар қою әдісі) қолданылды. Бұл әдіс төрт түрлі сұрақ қою арқылы жүзеге асырылды: фактілерді анықтауға негізделген сұрақтар, мәліметтерді алуға бағытталған, мәселені шешу сұрақтарын қойып, таңдау жасауға бағытталған және пайымдауларды қалыптастыру сұрақтарын қояды. Екінші жолы – Nano-gamification (нано-ойын әдісі) арқылы жүзеге асырылды. Kahoot, Padlet, Miro интерактивті платформаларында ойын ретінде ұйымдастырылып, «Insert» әдісі, «Find the false information (Жалған ақпаратты табыңыз)» әдісі және Блум таксономиясы әдісі қолданылды. Нәтижесінде, нано оқытудың әдістері бастауыш сынып білім алушыларының сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.





