ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ЖОБАЛАУ МҰҒАЛІМ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.009Кілт сөздер:
жобалық іс-әрекет, педагогикалық жобалау, оқу-тәрбие үдерісін жобалау, педагогикалық үдеріс, педагогикалық жағдаяттар, мұғалімнің кәсіби шеберлігіАннотация
Мақала мектептік білім беру жүйесіндегі мұғалімнің жобалық іс-әрекетінің мәні мен мазмұнын зерттеуге арналған. Оқу-тәрбие процесін жобалау – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырудың тиімді әдістерінің бірі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оның педагогикалық үдерісті диагностикалау, болжау және модельдеу қабілетімен анықталады. Олай болса, бүгінгі таңда мұғалім оқушының жеке тұлғасын оқытып, тәрбиелеп және дамытып қана қоймай, сонымен бірге жобалау іс-әрекетін жүзеге асыратын білімдер мен дағдыларды меңгеріп, өз іс-әрекетін жобалау негізінде оқушыларды әлеммен қарым-қатынас жасауға дайындауы керек.
Мақалада жобалық іс-әрекет педагогикалық жағдайды өзгерту және тұлғалық өсуді қамтамасыз ету құралы ретінде талданады. Педагогикалық жобалау дағдылары мұғалімнің білім берудегі әртүрлі мәселелерді шешу қабілетін дамытуға, өзін-өзі шығармашылық педагогикалық тұрғыдан анықтауға, өзін-өзі ұйымдастыруға, өзіндік өсу мен педагогикалық жетістіктерді жобалауға ықпал етеді, мұғалімнің құзыреттілігін арттырады және оның тұтастай тұлғалық дамуына мүмкіндік береді.
Авторлар мұғалімнің жобалық іс-әрекетінің мәні мен мазмұнын ашады; педагогикалық жобалардың түрлеріне сипаттама береді; педагогикалық үдерісті жобалаудың үлгілеу, жобалау, құрастыру кезеңдеріне егжей-тегжейлі тоқталады. Үлгілеу кезеңінің мақсаты – үлгіні талдау негізінде оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мүмкіндіктерін анықтау, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мүмкіндіктерін іздестіру. Авторлардың пікірінше, бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру барысында өзгеретін оқу-тәрбие үдерісінің мәнді сипаттамаларын, аса маңызды қасиеттерін және құрамдарын ажыратып көрсеткен тиімді.
Мақалада жобаны жүзеге асырудың нәтижелілігі педагогикалық үдеріске қатысушылардың жобалау кезеңіндегі белсенділігімен байланыстырылады. Ал, құрастыру кезеңінде жасалған жобаны оған қатысушылардың нақты жағдайларда пайдалана алуы үшін егжей-тегжейлі қарастыра түсу қажеттігі ескертіледі.