АҒЫЛШЫН ТІЛІ БОЙЫНША ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ ҮДЕРІСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ: ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІ МЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІС МӘСЕЛЕЛЕРІ

Автор(лар)

  • Таубаев Ж. Al Farabi KazNU
  • Каныбек А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.004

Кілт сөздер:

Ұлттық бірыңғай тестілеу, ағылшын тіліне дайындық, оқу жүктемесін оңтайландыру, тестілік стресс, академиялық күйзеліс, құрылымдалған оқу жоспары, ағылшын тілі, жоғары сынып оқушылары

Аннотация

Мақалада Бірыңғай ұлттық тестілеудегі (ҰБТ) «Ағылшын тілі» пәніне дайындалатын оқушылардың академиялық күйзелісін төмендетудің тиімді жолдары қарастырылады. Атап айтқанда, нақты мерзімдерге негізделген арнайы дайындық бағдарламасы арқылы оқу жүктемесін оңтайландыру және оқушылардың психологиялық күйзелісін азайту мәселесіне назар аударылады. Зерттеу жұмысы тест мазмұнының құрылымдық талаптарына сәйкес іріктелген оқулықтар мен тест сипаттамаларына негізделген.

Ағылшын тілін оқытуға арналған материалдың мазмұны лексика мен орфографияны, морфологияны, синтаксисті, синтез бен талдауды, сондай-ақ оқылымды қамтиды. Бұл бөлімдер жүйелендірілген тақырыптардан тұрады, сондықтан тест материалын жан-жақты меңгеруге және пәндік құзыреттерді жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты – ағылшын тілі оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарындағы материалдарды ҰБТ талаптарына сәйкес жүйелеу және оқушылардың академиялық күйзелісінің алдын алуға бағытталған оларды меңгеру тәсілдерін ұсыну.

Зерттеу әдістері ретінде талдау, жүйелеу, жіктеу және сандық бағалау қолданылды. Материалды меңгеру деңгейі дұрыс орындалған тапсырмалар санының жалпы тапсырмалар санына қатынасы негізінде есептелген меңгеру коэффициенті арқылы анықталды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы ағылшын тілі оқулықтарындағы материалдарды ҰБТ талаптарына сәйкес жүйелі талдау мен жіктеуді жүргізуде және арнайы әзірленген тапсырмалар арқылы жоғары сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейін арттыру тәсілін ұсынуда көрінеді. Дайындық үдерісі үш негізгі кезең бойынша жүзеге асырылды: дайындықты жоспарлау, эксперименттік топпен жұмыс жүргізу және нәтижелерді талдап, қорытындылар жасау.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles