МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГТІҢ РӨЛІ

Автор(лар)

  • Жакупова А.Ж. КазНПУ им.Абая
  • Капсанова Г.Б.
  • Имамбекова А.С.
  • Смагулова Б.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.049

Кілт сөздер:

мектепке дейінгі білім беру, мектеп жасына дейінгі балалар, мектепке дейінгі ұйым маманы, экологиялық білім беру,, экологиялық мәдениет, экологиялық іс-әрекет, фокус-топтық сұхбат, тақырыптық талдау

Аннотация

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, экологиялық тәрбиені мектепке дейінгі кезеңнен бастау маңызды. Баланың табиғатқа деген алғашқы көзқарасы, қоршаған ортаға қамқорлық, жанашырлық таныту және т.б. қарапайым мінез-құлық дағдылары дәл осы кезеңде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі баланың қоршаған ортаға жауапты мінез-құлқын, құндылықтық қарым-қатынасын қалыптастыруда педагогтің ықпалы зор. Зерттеудің мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы педагог рөлін педагогтердің өзіндік тәжірибесі мен көзқарастары негізінде сипаттау. Зерттеу сапалық сипаттамалық дизайнда жүргізілді. Мақсатты-критерийлік іріктеу арқылы екі мектепке дейінгі ұйымнан кемінде үш жыл еңбек өтілі бар 31 педагог-тәрбиеші қатысты. Деректер үш топта (10/10/11) өткізілген 12 сұрақтан тұратын фокус-топтық жартылай құрылымдалған сұхбат арқылы жиналып, Braun және Clarke ұсынған индуктивті тақырыптық талдау тәсілімен MAXQDA 24.4.0 бағдарламасында өңделді. Екі негізгі тақырып анықталды: 1) педагогтің тұлғалық экологиялық дағдылары мен тәжірибесі; 2) педагогтің ата-анамен және қоғаммен серіктестік іс-әрекеті. Ең жиі кодталған сегменттер «жауапкершілік» (n=13), «үлгі көрсету» (n=10), «ресурстарды үнемдеу» (n=10) және «белсенді іс-шаралар ұйымдастыру» (n=10) болды. Нәтижелер педагогтердің экологиялық тәрбиедегі өз рөлін күнделікті мінез-құлық үлгісі және отбасы-қоғаммен серіктестік арқылы сипаттайтынын көрсетті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйым маманы табиғатты таныстырушы ғана емес, экологиялық мінез-құлық үлгісін көрсетуші, балаларды қоршаған ортаны қорғау тәжірибесіне бағыттаушы және ата-ананы қоғамдық экологиялық тәрбие үдерісіне тартушы негізгі тұлға ретінде анықталып отыр.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles