БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ АРТ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІ

Автор(лар)

  • Жолдасбекова С.А. Южно-Казахстанский университет имиени М.Ауезова
  • Мадиева Д.П. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универсиеті
  • Каратаев Г.С. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универсиеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.001

Кілт сөздер:

болашақ педагогтар, арт-технология,, арт-технологиялық іс-әрекет,, қалыптастыру,, құрылымдық-мазмұндық модель., іc-әрекет, кәсіби құзыреттілік, шарт

Аннотация

Мақалада болашақ педагогтардың арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастырудың маңызы мен мәні анықталды. Болашақ мұғалімдердің шығармашылық және бейнелеу іс-әрекетіне даярлығын қалыптастыру қағидалары белгіленді. Болашақ педагогтардың арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі ашып көрсетілді. Жоғары оқу орнының ерекшелігін ескере отырып жалпы дидактикалық, болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығының педагогикалық негізін құрайтын дидактикалық қағидалар, шығармашылық арт-технологиялық іс-әрекетке дайындықты қалыптастыру қағидаларын басшылыққа алынды. мүндағы, жалпы дидактикалық қағидалар: ғылымилық, студенттердің өзіндік ізденісі мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының сабақтастылығы; оқытушы мен студенттің іс-әрекетіндегі ғылыми және практикалық қағидалардің бірлігі, кәсіби ұтқырлық, проблемалық, эмоционалдылық және оқу процесінің басымдылығына мән беру, әлеуметтік-мәдени-интеграциялық қағидасы негізге алынды.

Арт-технологиялар-бұл білім беру процесінде тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған әртүрлі өнер түрлерінің формалары, әдістері мен құралдарының жиынтығы.

Мақаланың мақсаты болашақ көркем еңбек пәні мұғалімдерінің арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін ашып көрсету. Болашақ педагогтардың арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастыруда: жүйелілік ұстаным, мәдениеттанушылық және этнопедагогикалық ұстанымдар негізге алында. Сонымен қатар, болашақ педагогтардың арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі үш функционалды блокты қамтитын жүйе болып табылады: мақсатты блок; мазмұндық блок; рефлексивті-бағалау блогы. Болашақ педагогтардың арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастыруға арналған модельдің мазмұндық блогы дайындықтың келесі кезеңдерін - мотивациялық, когнитивті-мазмұндық, іс-әрекеттік, өлшемдік-рефлексивті компоненттерді қамтиды. Модельде адамға қатысты құндылықтық-семантикалық қатынастарды қалыптастыру, тұлғаны қалыптастыру процесі, арт-технологиялық іс-әрекеттің маңызын ұғындыру мәселесі назарға алынды.

Болашақ педагогтардың арт-технологиялық іc-әрекетке  даярлауды жүзеге асыруда ұйымдастырушылық, басқарушылық, психологиялық шарттарына назар аударылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи