«LIVE CODING» ӘДІСТЕМЕСІНІҢ КӨМЕГІМЕН БАҒДАРЛАМАЛАУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.019Кілт сөздер:
оқытудың белсенді әдістері, бағдарламалауды оқыту, , интерактивті оқыту, студенттердің белсенді қатысуы, синхронды оқыту, коллаборативті оқыту, практикалық оқытуАннотация
Бағдарламалау цифрлық экономиканың дамуы және жасанды интеллекттің көптеген қызмет салаларына белсенді енуі жағдайында ХХІ ғасырдың қажетті дағдыларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, бағдарламалау жасанды интеллект технологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бағдарламалауды үйрену оңай мақсат емес, ол оқытудың тиімділігін арттыру үшін арнайы тәсілдерді енгізуді және қолдануды талап етеді. Бұл зерттеу «Live Coding» бағдарламалауды оқыту әдістемесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырады және талдайды. 6В01503 «Информатика мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша 2 курста оқитын Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 35 студенті және Ж.А. Тәшенев атындағы университеттің 31 студенті қатысты. Зерттеуде келесі әдістер қолданылды: сауалнама, әдебиеттерді талдаудың жүйелік және салыстырмалы әдістері. Зерттеу эксперимент нәтижелеріне, сондай-ақ 2012–2025 жылдар аралығында жарияланған Web of Science және Scopus дерекқорларында индекстелген халықаралық жарияланымдарды және отандық ғылыми жарияланымды талдауға негізделген.
Бұл зерттеу «Live Coding» әдістемесі арқылы оқыту моделінің тиімділігін көрсетті. «Live Coding» әдістемесін қолдану білім алушылардың ынтасын, қызығушылығын, еліктіргендігін мен белсенділігін арттырып, бағдарламалаудағы күрделі және дерексіз ұғымдарды түсіндіруде олардың назарын аудара алады. Зерттеу нәтижелері бойынша бағдарламалауды оқыту процесіне «Live Coding» әдістемесін енгізу ұсынылады. Бұл зерттеу мектептегі болашақ информатика мұғалімдері, бағдарламалауды оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін болашақ ғылыми жұмыстардағы зерттеушілер үшін, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласында мамандар даярлауды жүзеге асыратын техникалық және педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқытушылар үшін практикалық маңызы бар.





