ЖОБА ӘДІСІ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.015Кілт сөздер:
әдіс, жоба, жоба әдісі, технология, жоба түрлері, оқу процесі, принцип, дамытуАннотация
Мақала білім беру процесіндегі жоба әдісінің ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Мақалада жоба әдісінің принциптері, оның негізгі кезеңдері мен белгілері ашып көрсетіледі.
Жоба әдісі белгілі бір мәселені оқу-әдістемелік білімді негізге ала отырып түпкілікті құрылымын айқындау арқылы шешуді қамтиды. Жоба әдісі оқу процесінде қандай да бір зерттеушілік, шығармашылық міндет қойылған кезде тиімді болады, себебі оны шешу үшін әртүрлі салалардан интеграцияланған білім, сонымен қатар зерттеу әдістерін қолдану қажет.
Бұл нәтижені көруге, түсінуге, нақты практикалық іс-әрекетте қолдануға болады. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін студенттерді дербес ойлануына, проблемаларды табуға және шешуге үйрету керек, осы мақсат үшін әртүрлі салалардағы білімді, әртүрлі шешімдердің нәтижелері мен ықтимал салдарын болжай білу, себеп – салдар байланысын орната білу қажет.
Жоба әдісімен жұмыс жасау оқытушыдан оқыту мазмұнын жобалауда педагогикалық шеберлікті талап етеді және оқытушы педагогикалық, кәсіби және ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін меңгеруі тиіс. Оқу тәрбие процесінде жоба әдісін қолдану үшін оқытушы студенттердің жеке ерекшеліктерін білу қажет. Бұл білім психологиялық-педагогикалық пәндер блогын қамтамасыз етеді. Бұл процессте мұғалімнің рөлі өте маңызды және жобаны дайындаудың әр кезеңінде әр түрлі болады. Жоспарлау кезеңінде кеңесші, мотиватор; көмекші ретінде әрекет етеді.