ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.64.1.013Кілт сөздер:
Этнопедагогика, этнопедагогикалық даярлық, этнопедагогикалық білім,, этнопедагогизация, этномәдени білім беру, этномәдени біліктілік, этнопедагогикалық іс-әрекет, этнопедагогикалық білім, іскерлік, дағды.Аннотация
Мақалада этнопедагогикалық даярлық, мұғалімнің этнопедагогикалық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың үздіксіз басқарылатын үдерісі болып табылатын кәсіби даярлығының маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығы педагогикалық-психологиялық пәндердің барлық бөлігін қамтиды, сонымен қатар, тиісті білім, іскерлік, дағдыларды және белгілі бір этникалық мәдениетті тасымалдаушы ретінде тұлғаның жеткілікті деңгейде өзін-өзі анықтауын, болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетте этнопедагогикалық идеялар мен дәстүрлерді пайдалану мүмкіндіктерін шығармашылықпен түсінуін қарастырады. Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығының мақсаты, міндеттері, негізгі құрамдас бөліктері баяндалады, болашақ мұғалімнің этномәдени біліктілігін дамыту іс-әрекеттер жүйесін жүзеге асыратын педагогикалық оқу орнында аса маңызды өзара байланыстағы үш маңызды бағытта қарастырылады: тәрбиелік, мәдени-гуманитарлық, әлеуметтік және білім беру және практикалық. Болашақ мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде этномәдени біліктілігін арттырудың шарттары сипатталады (интерактивті, жобалық-зерттеу; имитациялық-ойын нысандары мен оқыту әдістерін қолдануды көздейтін білім беру процесінің этномәдени бағытын жүзеге асыру; оқыту мен тәрбиелеудің оқу және мектептен тыс нысандары мен әдістерінің үйлесімі, болашақ мамандарды сабақтан тыс уақытта қоғамдық маңызы бар жұмыстарға белсене араластыру болашақ мұғалімдердің кәсіптік практика мазмұнын, этномәдени білім берудің негізгі заңдылықтарын сақтау және т.б.).