ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА НЕЙРОДИДАКТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДІ ӘЗІРЛЕУ

Автор(лар)

  • Плалов Н.Т. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Мубараков А.М. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.024

Кілт сөздер:

заманауи педагог, инклюзивті білім беру, нейродидактика, информатиканы оқыту, инклюзивті оқыту, ерекше білім беру қажеттіліктері, информатика педагогтері, нейробілім.

Аннотация

Нейродидактика оқытудың нейропсихологиялық аспектілерін де, оқушылардың жеке ерекшеліктерін де ескере отырып, инклюзивті білім беру ортасында тиімді жұмыс істей алатын болашақ информатика педагогтерін даярлаудың берік негізін құрайды. Мақалада инновациялық білім беру практикасын қалыптастыру бағытында және оқытудың өзекті теорияларын талдау негізінде инклюзивті білім беру жағдайында информатиканы оқытуға бағытталған нейродидактикалық тәсілді әзірлеу мүмкіндігі қарастырылады. Бұл модель оқытудың мазмұнын, мақсаттарын, принциптері мен кезеңдерін әртүрлі білім беру қажеттіліктеріне бейімдеуге баса назар аудара отырып, нейроғылыми, педагогикалық және когнитивті теорияларды біріктіруге негізделген. Мақалада информатиканы тиімді оқытуға ықпал ететін әдістер мен технологияларды құруға бағытталған стратегиялық және процедуралық аспектілерде ұсынылған дидактикалық импликацияларға ерекше назар аударылады. Бұл тәсілдер инклюзивті ортада оқу процесінің икемділігін, қолжетімділігін және нейропсихологиялық негізділігін қамтамасыз ете отырып, әртүрлі білім беру мүмкіндіктері бар білім алушылардың жеке және ұжымдық ерекшеліктеріне бағытталған болатын. Зерттеу барысындағы авторлар дайындаған модель - ақпараттық технологиялар аясындағы пәндерді оқытуда қолданылатын дәстүрлі тәсілдерді толықтыратын және нейробиологиялық принциптерге бағытталған информатика педагогтерін дайындаудағы алғашқы тұтас дидактикалық ұсыныстардың бірі болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles