Практикалық-бағытталған даярлау үдерісінде болашақ арнайы білім беру мұғалімдерінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру

Автор(лар)

  • Сулеймен А.К. КазНПУ им Абая
  • Бекмуратова Г.Т.
  • Мамытбаева Ж.А.
  • Қамытбек А.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.032

Кілт сөздер:

арнайы педагог, практикалық оқыту, әдістемелік құзырет, кәсіби практика, рефлексия және өзіндік талдау, инклюзивті білім беру, PLS-SEM, SmartPLS бағдарламасы

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысы практикалық-бағытталған оқытудың болашақ арнайы педагогтардың әдістемелік құзыреттілігін қалыптастырудағы ықпалын эмпирикалық тұрғыда талдауға негізделген. Бүгінгі таңдағы инклюзивті білім беру жағдайында болашақ арнайы педагогтардың кәсіби даярлығы мен әдістемелік құзыреттілігін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан зерттеуде практикалық-бағытталған оқыту, кәсіби практика тәжірибесі және рефлексия арасындағы өзара байланыс қарастырылды. Зерттеудің деректері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алып жатқан 364 болашақ арнайы педагогтан сауалнама арқылы жинақталды. Алынған  деректерді талдау үшін SmartPLS бағдарламасында Partial Least Squares Structural Equation Modeling (PLS-SEM) әдісі пайдаланылды. Құрастырылған сауалнама төрт негізгі латентті конструктты қамтыды. Олар: практикалық-бағытталған оқыту, кәсіби практика тәжірибесі, рефлексия және өзіндік талдау, болашақ арнайы педагогтардың әдістемелік құзыреттілігі.

Зерттеудің нәтижелері практикалық-бағытталған оқытудың кәсіби практика тәжірибесіне айтарлықтай оң әсер ететінін көрсетті (β=0.510). Сондай-ақ, кәсіби практика тәжірибесі рефлексия деңгейіне оң ықпал етті (β=0.490). Ал рефлексия болашақ арнайы педагогтардың әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны белгілі болды (β=0.491). Құрылымдық модельдің түсіндіру қабілеті кәсіби практика тәжірибесінің 26,0%-ын, рефлексияның 24,0%-ын және әдістемелік құзыреттіліктің 24,1%-ын түсіндіретінін анықтады.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер практикалық-бағытталған оқытудың болашақ арнайы педагогтардың әдістемелік құзыреттілігін тікелей емес, кәсіби практика тәжірибесі мен рефлексия арқылы тиімді түрде қалыптастыратынын көрсетеді. Зерттеудің нәтижелері арнайы педагогтарды даярлау үдерісінде практикалық оқыту мен рефлексиялық әрекеттерді жүйелі түрде ұйымдастырудың маңыздылығын көрсетіп, педагогикалық білім беру бағдарламаларын жетілдіруге ғылыми негіз болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles