ЛИНГВОАКСИОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОДЕЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.028Кілт сөздер:
лингвоаксиология, құндылықтық бағдар, құндылыққа бағдарланған оқыту, құрылымдық-мазмұндық модель, аксиологиялық тұғыр, тілдік бірлікте, педагогикалық эксперимент, жоғары сынып оқушыларыАннотация
Мақалада жоғары сынып оқушыларының құндылықтық бағдарын қалыптастыруда лингвоаксиологиялық бірліктерді жүйелі қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі жаңартылған білім мазмұны жағдайында құндылықтық тәрбиенің маңызы арта түскенімен, қазақ тілі сабақтарында тілдік бірліктердің аксиологиялық әлеуетін іске асыру жолдарының жеткілікті жүйеленбеуімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – лингвоаксиологиялық мазмұнға негізделген құндылыққа бағдарланған оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеп, оның тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру. Зерттеу аксиологиялық, тұлғалық-бағдарлы және іс-әрекеттік тұғырларға сүйенді. Материал ретінде 10–11-сыныптарға арналған қазақ тілі бағдарламалары, оқулықтар, мәтіндер мен жаттығулар пайдаланылды. Мазмұндық талдау, модельдеу, сауалнама, бақылау, жазба жұмыстарын саралау және эксперимент нәтижелерін салыстырмалы-статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Ұсынылған модель мақсаттық, мазмұндық, үдерістік және бағалау-рефлексиялық компоненттердің өзара байланысы негізінде құрылып, нәтижені білім, ұстаным және тәжірибе көрсеткіштері арқылы кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Педагогикалық экспериментке 10-сыныптың 48 оқушысы қатысып, олар эксперименттік және бақылау топтарына тең бөлінді. Нәтижесінде эксперименттік топта ұлттық құндылықтарды түсіну, ана тіліне құрмет және оқу уәжі бойынша сипаттамалық оң динамика байқалды. Жинақталған пайыздардың топ көлемімен сәйкессіздігі және бақылау тобының бір индикаторы бойынша деректің жетіспеуі χ² пен p-мәнін сенімді есептеуге мүмкіндік бермеді, жоспарланатын бинарлық топаралық салыстыру үшін df = 1. Сондықтан нәтижелер қысқа мерзімді оң үрдіс ретінде түсіндірілді. Зерттеудің ғылыми құндылығы тілдік бірліктердің аксиологиялық әлеуетін оқыту мазмұны, белсенді әдістер және бағалау құралдарымен бір жүйеге біріктіруінде. Алынған нәтижелер модельдің теориялық тұтастығын ғана емес, оны мектеп тәжірибесіне кезең-кезеңімен енгізудің орындылығын да көрсетіп, мұғалімнің аксиологиялық құзыреттілігін жетілдіруге негіз болады. Практикалық маңызы – модельді қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында құндылықтық тәрбиені мақсатты ұйымдастыруға, нәтижесін бағалауға және педагогикалық тұрғыдан басқаруға қолдану мүмкіндігі.





