ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР КОНТЕКСТІНДЕ ҚАЖУ МОДЕЛЬДЕРІН ЖҮЙЕЛЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PEDS.2026.82.3.036Кілт сөздер:
қажу, модель, жүйелеу, жіктеу,, ретроспективті талдау, факторлық модель, үдерістік модель, тұжырымдамалық модель, қолданбалы модельАннотация
Ғылыми әдебиеттерде теориялық негіздерімен, феноменнің табиғатын, құрылымын, пайда болу факторлары мен даму механизмдерін түсіндіруімен ерекшеленетін көптеген қажу модельдері ұсынылған. Сонымен қатар бірыңғай жіктеменің болмауы әр түрлі ғылыми тәсілдерді өзара салыстыруды және олардың арасындағы өзара байланысты анықтауды қиындатады. Осыған байланысты қажудың қолданыстағы модельдерін жүйелеу және оларды ортақ тұжырымдамалық әрі мазмұндық сипаттамалары негізінде жіктеу өзекті болып табылады. Зерттеудің мақсаты модельдердің теориялық қағидаларын, құрылымдық компоненттері мен функционалдық бағыттылығын талдау негізінде қажу модельдерін жүйелеу және олардың жіктемесін әзірлеу болып табылады. Зерттеуде ретроспективті және салыстырмалы талдау, ғылыми тұжырымдамаларды жалпылау және типтерге жіктеу әдістері қолданылды. Ретроспективті талдауды қолдану қажу туралы ғылыми түсініктердің эволюциясын қадағалауға және қолданыстағы модельдердің дамуының негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде авторлар қажудың негізгі төрт түрін бөліп көрсетті: факторлық, үдерістік, тұжырымдамалық және қолданбалы. Факторлық модельдер қажудың себептерін сипаттайды, үдерістік модельдер қажудың динамикасын ашып көрсетсе, тұжырымдамалық модельдер көп деңгейлі құрылымын қарастырады, ал қолданбалы модельдер диагностикалық және профилактикалық іс-шараларды жасауға бағытталады. Ұсынылған қажу модельдерінің жіктелуі бұрынғы жіктелімнен қажу факторларының пайда болуын ғана емес, сонымен қатар құрылымын, себептері мен даму механизмдерін, сондай-ақ қажудың диагностикасы мен алдын-алуды ескеретіндігімен ерекшеленеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы диагностикалық құралдар мен профилактикалық бағдарламаларды әзірлеуге негіз болатын қажу модельдерін жіктеуде болып отыр. Практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндігінде. Кейінгі зерттеулердің болашағы жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, заманауи цифрлық технологияларды қажудың алдын алуға бейімделген әдістемелер мен бағдарламалар әзірлеумен байланысты болмақ.





